Қызылорда қаласындағы Достық үйінің мәжіліс залында Халықаралық отбасы күніне орай облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Отырысқа облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктерінің белсенділері, көпбалалы аналар, отбасы, әйелдер мәселелерімен айналысатын ҮЕҰ басшылары қатысты.

 Отырыстың мақсаты: Отбасы, неке мәртебесін дәріптеу, отбасы құндылықтарын жастар арасында насихаттау.

 Отырыс барысында көрермендер назарына Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы «Татулық табыс кілті» тақырыбында видеоролик көрсетілді.

 

Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктерінің басшылары, көпбалалы аналар, отбасы және әйелдер мәселелерімен айналысатын Үкіметтік Емес Ұйымдардың басшылары:

1. Абдықалықова Әлима Жақыпқызы - облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының тәрбие және білім бөлімінің басшысы

 

2. Аңсатова Меруерт Нағыметқызы – «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

 

3. Смаханова Раиса Ханифовна - облыстық татар этномәдени бірлестігінің белсендісі, көпбалалы ана, ардақты әже

 

4. Аймаханова Назира Кенжебекқызы - «Қыз Жібек» қыздар клубының төрайымы

 

5. Абдугафарова Манзура Мадкаримовна - облыстық өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары

 

6. Наримова Майя Зұлқарнайқызы - «Жомарт» Еріктілер үйі Қоғамдық бірлестігінің жетекшісі өз ойларын ортаға салды.

 

Халықаралық «Біз бақытты баламыз» байқауының «Көркем сөз» номинациясының жеңімпазы Әмина Мұратқызы отбасы туралы мәнерлеп өлең оқыды.

 

Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің белсенділері мерекеге орай арнайы алғыс хатпен марапатталды.

 

Отырыс қорытындысында облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері Қарлығаш Әбдірахманованың ұйытқысымен жетім балаларға қаражат жинауға және Егемен еліміздің баянды болашағының кепілі – кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауының өткізілуіне қолдау білдіре отырып, тұрғындарды алдағы сайлау науқанына белсенді қатысуға шақырды.

Отырыс соңында Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыкалық колледжінің студенттері Нұрайым Ерталап және Көркем Сәндібек қонақтарды өздерінің ана туралы арнауымен қуантты.