Алматыда автобус ішінде ер адамға пышақпен шабуыл жасаған видео пайда болды

           фото видеодан скриншот

Алматыда асхана пышағымен ер адам автобус контроллеріне шабуыл жасады,- деп хабарлайды el24.kz тілшісі Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға күндіз Наурызбай ауданында қоғамдық көліктердің соңғы аялдамасында болған.

"Автобустардың бірінің диспетчері өтіп бара жатқан адамға белгіленбеген жерде темекі шеккені үшін сөгіс айтып, нәтижесінде ер адамдар арасында жанжал туындаған.

Артынша автобусқа өтіп бара жатқан адам жүгіріп кіріп, қарсыласын пышақтап кеткен. Жедел жәрдем бригадасы бақылаушыны шұғыл түрде ауруханаға жатқызды", — деді Алматы қалалық ІІД бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

38 жастағы күдікті жедел іздестіру шараларымен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық қару – асхана пышағы алынды. 2024 жылдың қазан айында дәл осындай оқиға Алматыда болған еді. Бұл жағдайда қолында құрылыс пышағы бар ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған.

Полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып тастады

 

 Полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып тастады. Оқыс оқиға Таразда болды,- деп хабарлайды el24.kz тілшісі Zakon.kz.ке сілтеме жасап.

Оқиға жайлы ақпарат әлеуметтік желілерден белгілі болды. Жазбаға сүйенсек, Таразда патрульдік полиция батальонының инспекторы "қызметтік қарумен ойнап, әріптесін абайсызда атып тастады"

"2024 жылғы 16 қарашада қызметтік көлікте қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде полиция қызметкері қарумен абайсызда өзінің әріптесін атты. Кездейсоқ ауыр зардаптарға әкеп соққан немқұрайлылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші Қордай аудандық ауруханасына жатқызылды", — деп түсіндірді ведомствода.

Полиция қызметкерлері қызметтік тексеру жүргізеді, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталады.

Қорғаныс министрлігі жастарды әскерге күштеп алып кетіп жатқан бейнероликтерге түсініктеме берді

 

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев 2024 жылғы 14 қарашада Сенаттың кулуарында жас жігіттерді әскерге күштеп алып кетіп жатқан бейнероликтерге түсініктеме берді,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі Zakon.kz.ке сілтеме жасап.

Ол жергілікті органдар жүргізетін жұмыс заң аясында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. 18 бен 28 жас аралығындағы Қазақстанның әрбір азаматы әскерде қызмет етуге міндетті.

Журналистер әскерге бармау үшін бәрін жасайтын адамнан қандай сарбаз шығатынын сұрады.

"Заңда денсаулық, оқу жағдайына байланысты әскери қызметтен кім босатылуы мүмкін екендігі айтылған және көрсетілген. Егер ешқандай себеп болмаса, онда ол әскерде қызмет етуі керек. Біз ешкімді мәжбүрлемейміз! Тек жалтарушылар ғана емес, сонымен бірге әскерде қызмет еткісі келетіндер де бар. Көптеген адамдар екі апталық бейімделу кезеңінен өткеннен кейін армияның нашар екендігі туралы ұстанымдарын өзгертеді және жақсы сарбаз болады. Мұндай мысал менің тәжірибемде болды. Біз видеолардағы жігіттердің неге жүгіріп жүргенінің себептерін білмейміз. Мүмкін ол қызбен кездесуге барған шығар? Немесе басқа себептер. Әр жағдайды жеке қарау керек. Бірақ барлық жастар әскерде қызмет еткісі келмейді деп жалпылау дұрыс емес", — деді ол.

Сондай-ақ, Жазықбаев мұндай роликтер Қорғаныс министрлігінің имиджіне нұқсан келтіретінін айтты.

Бүгін доллар құны 500 теңгеге жетті

 

Еліміздегі айырбас пунктілерінде $1 бағамы – 500 теңгеге дейін жетті.

Ұлттық банктің 18 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 495,95 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,98 теңге. Еуро — 524,37. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 498 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 499,7 теңге. Еуро 522,5 — 527 теңге аралығында құбылып тұр.  Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 495 теңге, сатып алу құны — 500 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады. 

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 - 5,05 аралығында саудаланып жатыр.

 Айта кетейік, 15 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,97 теңгеге қымбаттап, 496,01 теңге болған.

Көлік сатып аламын деп, әйелді айуандықпен өлтірген

 

Ақтөбеде 55 жастағы әйелді айуандықпен өлтірген күдіктіге үкім шықты.
 
Сотталушы автокөлік үшін адам өлтіруге дейін барған. Енді ол 22 жыл өмірін түрмеде өткізетін болады.
 
Үкім тыңдауға кісі қолынан мерт болған марқұмның жақындары ғана келді. Ал сотталушы тарапынан ешкім жоқ. 44 жастағы Қасымхан Үсенов соңғы сот отырысында бетін көлегейлеумен болды.

Осыдан бес ай бұрын 55 жастағы әйел автокөлігін сатпақшы болады. Сотталушыға клиент болып хабарласып, көлікті көрмекке кездеседі. Қала сыртына қарай шыққан кезде рульде отырған әйелді белдікпен қылқындырған.
 
Демі таусылған кезде, мәйітті сол маңдағы ағаш арасына апарып тастай салған. Ең сорақысы, өлікті адам танымас үшін бетін пышақпен тілгілеген. Құны 150 мың теңгелік алтын алқасын шешіп алған. 
 
Енді осы қылмысы үшін 22 жылға бас бостандығынан айрылды.
 
Марқұм, өзін қылқындырып жатқанда 112 нөмірін теріп көмек те сұраған. Бірақ кезекшілікте отырған құтқарушы қоңырауға мән бермеген. Осыдан екі ай бұрын төтенше жағдайлар департаментінің ол қызметкері екі жылға шартты түрде сотталған.
 
Марқұмның туыстары сотталушыға кескен жазамен келісетінін айтады. Гүлнәр Сұлтанбаева, марқұмның әпкесі: — 22 жыл үкімді сот мырза беріп отыр. Прокурор 23 жыл беріп еді. Біз өмір бойы деп қанағаттанып тұрмыз. Өмірлік жаза болса, өмірлікке жіберер еді. Өмірлік деген жаза бермей тұр ғой, заңда. Адам орнына келмейді енді. Ол да қыз асырап отыр екен. Бір Аллаға тапсырдым.

Үш кезеңдік тексеру — 2025 жылдан бастап онлайн микрокредит рәсімдеу талаптары күшейтілетін болды

 

2025 жылдан бастап Қазақстанда онлайн микрокредит рәсімдеу кезінде қауіпсіздік талаптары күшейтілетін болды,-деп жазады el24.kz тілшісі kazinform.ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, келер жылдан бастап онлайн микрокредит рәсімдеу кезінде биометриялық сәйкестендіру мен электрондық цифрлық қолтаңбаны қатар қолдану міндетті болады. 

«Онлайн микроқарыздарды ресімдеу кезінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап биометриялық сәйкестендіруді, сол сияқты электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) да бір мезгілде міндетті түрде қолдану талабы енгізіледі.

Сондай-ақ, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) үшін клиент ақша аударғанға дейін оған банктік шоттың немесе төлем картасының тиесілігін сәйкестендіру талап етіледі»,- делінген жауапта. 

Бұдан басқа, банктер төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру барысында клиенттің мобильді нөміріне тексеру кодын жібереді.

Осылайша, клиентті үш факторлы тексеру жүзеге асырылады. Сонымен қоса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерге онлайн кредиттер ресімдеген кезде өтінім берілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей оны мақұлдауға кеңес берді, осылайша клиент өзіне алаяқтар мәжбүрлеп берген кредиттен бас тарта алатын «шешімді өзгерту» кезеңі енгізіледі.

Ұлттық банк басшысы азаматтардың несие алудан өз еркімен бас тарту құқығы бар екенін еске салды. Қазіргі таңда бұл мүмкіндікті шамамен 700 мың қазақстандық пайдаланды.

Лимон – қандай ауруға шалдықсаңыз да көмектесетін жеміс түрі. Өйткені оның құрамында дәрумендер, пайдалы элементтер көптеп кездеседі. Тамағыңыз, ішіңіз, тіпті бауырыңыз ауырса да бірден лимонды еске алыңыз. Қазір біз сіздердің назарларыңызға лимонмен емдеуге болатын 7 ауру түрін ұсынамыз. 

 Тамақ ауруы (ангина)

Тамағыңыз қатты ауырған кезде лимонның жартысын алып, қабығымен бірге жеңіз. Ащы, бірақ өте пайдалы. Сонымен қатар лимон шырынымен де тамағыңызды шайсаңыз болады. Ол үшін: Лимонның үштен бір бөлігін алып, сумен араластырып, тамағыңызды сағат сайын шайып тұрыңыз немесе күніне 3 рет тамағыңызға жағыңыз. 



 Бронх қабынуы (бронхит)

Егер бронх қабынуына дейін жетсе, онда 50 грамм үккіштен өткізілген ақжелкек пен 2-3 цитрустік жемістің шырынынынан сусын жасаңыз. Кейін соны шай қасықпен күніне бірнеше мәрте тұтынып көріңіз. Алайда артынан ештеңе ішпегеніңіз дұрыс. Сарымсақпен араласқан лимон сізге денсаулығыңызға күшті әсер етеді. Оны дайындау үшін сіз 5 лимон мен 4 сарымсақ бөлігіне 1 литр қайнаған су құйып, қақпағын қатты жауып, 5 тәулік мұздай, қараңғы жерде ұстауыңыз керек. Дайын болған соң күніне 3 рет тамақтан 20 минут бұрын шай қасықпен ішіңіз. 

 Жүрегіңіз айныса. 

Жүрегіңіз айнып, майлы тамақ жегеннен кейін құсқыңыз келсе, жарты лимонның шырыны мен жарты шай қасық ас содасын араластырып, ішсеңіз, ауруыңыз бірден басылады. 

Тұмау

Тұмау кезінде дәрілік шөптермен және лимонмен шай ішіңіз. Әсіресе жалбыз, қырмызы, шатыраш, қырықбуын, бақажапырақ секілді шөптермен ішкеніңіз жақсы. Мұндай қоспалар ағзаңыздағы кальций мөлшерін көбейтеді. Ал кальций қызуыңыз көтерілгенде керемет көмектеседі. 

Жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруы (атеросклероз) 

Бір ас қасық қарағай қылқанына бір стақан қайнаған су құйып, 30-60 минут суығанын күтіңіз. Дайын тұнбаны сүзгіден өткізіп, қабығы ашылған және ұнтақталған жарты лимонмен араластырып, күніне 3 рет тамаққа дейін тұтыныңыз. Емделу курсы – 15-20 күн. 

 Бауырдың қабынуы (гепатит)

Мұндай ауруға шалдықсаңыз, лимон суын немесе шырынын күн сайын міндетті түрде тұтынуыңыз керек. Ол лимонның қабығын аршып, екіге бөліп, үстіне қайнаған су құйып, 12 сағатқа қалдырыңыз. Дайын болған соң бір стақаннан аш қарынға ішуді ұмытпаңыз. 

 Артериялық қысымның төмендеуі (гипотония). 

Артериялық қан қысымыңыз жиі төмендесе, 5-6 лимонды еттартқаштан өткізіңіз. Дайын болған лимон езбесіне 100 грамм шағыр гүлінің жапырақтарын қосыңыз. Бұл дәрілік өсімдікті барлық дәріханадан табуға болады. Ботқаға бір литр қайнаған салқын су құйып, 36 сағат тоңазытқышқа салып, ашытыңыз. Содан кейін жарты килограмм бал қосып, барлығын жақсылап араластырып, қайтадан 25 сағатқа тоңазытқышқа қойыңыз. Тұнбаны тамақ ішуіңізге жарты сағат қалғанда күніне 4 реттен ішіңіз. Осылай 3 апта қайталасаңыз, ауруыңыздан біржола айығасыз. 

Лимон жоғарыда айтылған ауру түрлерінің алдын алуға көмектеседі. «Ауру айтып келмейді», - дегендей, бұл жемісті қай жерде жүрсеңіз де, өзіңізбен бірге алып жүруге тырысыңыз. Ем болсын!