Нұрболат Ерболұлы

Не дейін....? 
Дөңгеленген дүние  - ай! Дүрбелеңге. 
Қамап қойып жазықсыз, "Ұр!"- деген бе? 
Боздағанда боз інген сырқыратып. 
Естірте алмай жүр әлі, бір кереңге... 
 
Тән емес қой бөріге, қорқу.-  жатып. 
Өлтірсе де талайын толқуда атып. 
Қасқайып тұр көк туын желбіретіп! 
Күре тамыр шекемде, солқылдатып. 
 
Сұрама менен, сұрама заман демін. 
Көрем сенен жарықтық, анамды Елім! 
Ататындай сормаңдай, жазықты ма ед? 
Мезгілсіз жатыр оранып, балаң кебін... 
 
Әр боздақты ей, қазақ, Ана туған! 
Көрдім бүгін батырға, оқ атылған... 
Көз жасы мен мойнына қанды жүктеп... 
Тұғырынан құлады қола тұлғаң...
 
Мама... 
Өмір сүргім келеді! Сүргім әлі! 
Құлағыма келеді, сырдың әні! 
Өмір сүргім келеді, күнді көргім?! 
Қайтып барам тым ерте..., кім кінәлі....? 
 
Сабады мама. 
Сабады аямай  - ақ! 
Жазықсыз жеді жендеттен, балаң таяқ. 
Көшіп барам бақиға, жарық әлем. 
Артымда қалған анамды, барам аяп.... 
 
Мама? 
Қуат кетіп барады, денем суып... 
Тас бауыр мынау дүние- ай! Неткен суық? 
Кеше ғана келіп ем, қадам басып... 
Тұсауымды кеспеппе ең, шешем туып...? 
 
Шынмен  -  ақ қиям ба, жарық әлем...? 
Күн көзіне келгелі жарымап ем... 
Опат болдым, зарымды жеткізе алмай... 
Сүйретіліп жүр әне, халық әрең. 
 
Сайын дала боп  -  боз боп, жатыр күрең... 
Қойыпты жауып үстіме, тақыр кілем... 
Хош, мама! 
Хош болғын. Қайтып барам. 
Ақырғы леп шығарып..., ақырғы дем.
 
Фейсбук парақшасынан...