Расул Асқарұлы 

Шығыс Қазақстан Зайсан қаласы, Шілікті аулынында 27- қаңтар 1999 жылы дүниеге келген. 

Қатігез деме, сезімсіз деме сыртымнан.
Қаһарлы деме, тəкапар деме жұлқынған.
Тұнжырап кейде көңілсіз кəне отырсам.
Өлең жүр дей сал көңілінде құлпырған.

Ақымақ деме, ақында деме жыр тұнған.
Пайдасыз деме өмірде мынау құр тынған.
Өзгелер айтса өзінде қалар ойлары.
Өзімді қайтем сені аңсап жүріп ұмытылған.

Жүректі қайтем, жүректі қайтем бұлқынған.
Үрейлі түнге үлесін қосып ұмтылған.
Келеді кейде барлығына көрсеткім.
Өлеңнің мынау құдіретін сыр тұнған.

Көңілсіз деме шошынған деме түр тұлғам.
Түндерді қайтем азапқа толы жыр тұрған.
Əлжуаз деме жалғыздықта жабықспам.
Қара түнмен мың алысып мың тұрғам.

Бағалай көрме таныймын деме сыртымнан.
Өткен күн өтті барлығыда ұмытылған.
Танығың келсе қара аспанмен сырласқың.
Себебі мен тəкапар түнмен бір туғам.

Танығың келсе өлеңімді оқы кей-кезде.
Сені ойлап жатып өзім жайлы ұмытылған....

Жалғыздық...

Түн,
Түсіндім мәнін бүгін жалғыздықтың.
Екеуміз күтетұғын таң арайын,
Жабырқаулы жаныммен жалғыз күттім...

Ал, Сізше..?
Құшақта арман,
Шаршадыңыз сеземін ұсақтардан.
Арманымды отырмын аялаумен,
Аяусыз аяғымды тұсап қалған.

Бағы бар Қыз,
Табиғаттай тылсымға бағынармыз.
Жүдеу тартып отырмын бақ ішінде,
Күрең артып келгенде тағыда күз.

Сезгенмін... көздеріңде,
Үміт жоқ өткен үшін өзгеруге.
Үзілсе жапырақтар шыдам қалмай,
Ұмтылам ұмыт болған кездеріме.

Таба алмай тұрақты арман,
Тұмшалаумен үмітсіз сұрақ қалған.
Ұмытуым сіз жайлы мүмкін емес,
Ұнатқаным өзіңді ұнап қалған.

Болғанмен арман ізгі,
Жалғамайық ескіріп қалған ізді.
Таңымда атып келеді отырғанда,
Армандап қолым жетпей қалған Қызды.

Ұнап қалған...

 Ұнап қалған,
Сыр шертіскен, өзіңмен сыр ақтарған.
Жеті түнде жолдасам жетім өлең,
Сағынғаннан өзіңді, ұнатқаннан.

Жабығып тағы бүгін,
Мұңымнан таныды ай, таныды күн.
Жұлдыздарда жасырып сыр ашпауда,
Ұнамай мұңды күйім, налы жүзім.

Естелік тәтті елестер,
Үмітіңнен үздіккен сәтте елестер.
Армандаумен жүргенде бармақтай бақ,
Алыстап кеткен екен бақ белестер.

Қош дедік, қидық бәрін,
Күйрегендей кенеттен билік тағым.
Өткеннің еншісіне өткіздікте,
Кете бардық сезімнің сыйлықтарын.

Ұнап қалған,
Сыр шертіскен өзіңмен, сыр ақтарған.
Тұмар тұтып жүрекке жасырайын,
Есіміңді мен үшін шырақ болған.

Өмір деген тұрмайды өкініштен,
Өмір деген құралған сұрақтардан!

Жаралы жүрегіммен тілдесемін

 Мен кейде өзіңізге хат жазамын,
Аударсаңыз сәл ғана сәт назарын...
Ақ парақпен келеді сырымды айтқым,
Махаббаттың тартқансоң тәтті азабын...

Көңілсіз,сабырсызд-ау күй кешемін...
Көңілімді сіз жайлы- билесе мұң...
Жарасымен алысқан қасқырдайын,
Жаралы жүрегіммен тілдесемін...

Сізше?-білмеймін сіз жайында,
Бөледіме,сіздіде күз уайымға???
Өткен күнді өзгеден жасырайық,
Сіз білесіз-мен білемін, білмесін біз жайында...

Сенімсіз ой селтеңдеу жарық көгі,
Көрісердей аңдаусызда қалып тегі...
Елеңдеймін күлкісіне сұлулардың,
Сіз шығып қалатындай танып мені...

Елеңдеймін кетеме деп амандаспай,
Жарымаған жағымсыз(салемге) жаман достай...
Қарсы тұрып тағдырда тарылумен,
Жүргені-өзіңізді маған қоспай....

Жалғыздыққа сыр айтып...

Жан таба алмай...
Көңілім өткенді іздеп аңсағандай.
Сіз жайында әйтеуір ойлай берем,
Өткен күнге оралар жол табардай.
Қанатым жоқ ұшарға сізге қарай,
Естеліктер тимейді бізгеде оңай.
Тәтті кезді... боз бала шақтарымды,
Есіме алам фотодағы сізге қарай.
Таныстырған біздерді "бақ", Сары күз,
Есіңдеме бақыттырақ шақтарымыз.
Сіз бәлкім ұмыттыңыз... Сақталыпты,
Архивтерде 'сені сүйем'
Деп жазған хаттарыңыз.
Сол сәтті ұмытпаймын... Кешті дара,
Сезімдерден жиған ек есті жаңа.
Алғаш рет ерніңнің дірілдерін,
Сездірткен кешкі алматы, кешкі қала.
18-жас Сіз бен Біз бақыттырақ,
Бар бақытты ұрлады уақыт бірақ.
Сізді ғана кіршіксіз сүйген жігіт,
Сізден қалған хаттарды оқып тұрат...