Ажар Садықова
Көргенім жоқ Каспийдің тулағанын,
Құс төресі аққуы шулағанын.
Шет ел емес,қазақтың жерінде ғой,
Өр Каспийге түбінде бір барамын.
Естімеппін кеменің дауысын да,
Қарсы жүзген алапат дауыл- сынға,
Саған іңкәр кеудемнің сағынышын,
Іліп алам қылқалам қауырсынға.
Саяхаттап теңізде көрмеп едім,
Қиялыммен армандап жүрген едім.
Тірі болсам ,мен саған бір барамын,
Көріп қайтам теңіздің дүрбелеңін.
Оралармын орасан шабытпенен,
Түбі әйтеуір Каспийге барып келем.
Кемелерін жоғалған Аралымның,
Өлең етіп теңізден алып берем...
Су перісінің махаббаты
Қиялыңмен ұштасқанда арманың,
Гүлге айналып кетеді екен жалғаның.
Су перісі сезім билеп санасын,
Жағалады жар жағын.
Жүзін жуып ақ бұлаққа таңсәрі,
Адамзат боп тұрды оның аңсары.
Су астынан махаббатын таба алмай,
Жер бетінен бақыт іздеп шаршады.
Тасбұлақтың өрге шапшып толқыны,
Айдынында су перісі толқыды.
Әппақ тәні Ай нұрымен шағылып,
Көкжиекті қимай, кері шоршыды.
Ақбоз аты келмеді көп іздеген,
Жолығып ед(і) жағалауда күзбенен.
«Ей, адамзат» деді пері мұңданып,
«Өзіңменен жылынған-ды мұз денем»
Әлде ұмытып кетті ме екен бозбала?
Су перісі өңі қашып боздана.
«Оралмаймын жағалауға, ...өтінем,
Деді: «енді жүрегімді қозғама!»
Тау мүлгіген, күн еңкейген ымыртта,
«Сені сүйгем» деді пері ұмытпа!
Мен ұсынған зерлі кесе ішінде,
Менің бейнем қалғанын да ұмытпа!
Сені сүйдім, сенен қалай безінем?,
Түбі әйтеуір мен өзіңмен кезігем!
Сол жігіттің ізі қалған ақ тасты,
Су перісі алып кетті өзімен.
Қиялыңмен ұштасқанда арманың,
Гүлге айналып кетеді екен жалғаның.
Су перісі сезім билеп санасын,
Жағалады жар жағын.
Жүзін жуып ақ бұлаққа таңсәрі,
Адамзат боп тұрды оның аңсары.
Су астынан махаббатын таба алмай,
Жер бетінен бақыт іздеп шаршады.
Тасбұлақтың өрге шапшып толқыны,
Айдынында су перісі толқыды.
Әппақ тәні Ай нұрымен шағылып,
Көкжиекті қимай, кері шоршыды.
Ақбоз аты келмеді көп іздеген,
Жолығып ед(і) жағалауда күзбенен.
«Ей, адамзат» деді пері мұңданып,
«Өзіңменен жылынған-ды мұз денем»
Әлде ұмытып кетті ме екен бозбала?
Су перісі өңі қашып боздана.
«Оралмаймын жағалауға, ...өтінем,
Деді: «енді жүрегімді қозғама!»
Тау мүлгіген, күн еңкейген ымыртта,
«Сені сүйгем» деді пері ұмытпа!
Мен ұсынған зерлі кесе ішінде,
Менің бейнем қалғанын да ұмытпа!
Сені сүйдім, сенен қалай безінем?,
Түбі әйтеуір мен өзіңмен кезігем!
Сол жігіттің ізі қалған ақ тасты,
Су перісі алып кетті өзімен.
** * * ** ** ** **
Ұйқыдағы ойларымды түртіп түн,
Сән бергендей сен сыйлаған бір түп гүл.
Маған деген сағынышты жырыңнан,
Кетті ұшып мұңдарым да үркіп мың.
Биік екен маған деген құрметің,
Бір мен үшін әсемдейсің жыр бетін.
Сені босқа кінәлаумен келіппін,
Түнде жылап ,маза бермей жыр- жетім.
Жиып менің ізгі ойларымды шашылған,
Қорғаным боп табылған жан қасымнан.
Шалыс басып өрекпіген сәтімде,
Ақылыңа басымды иіп басылғам.
Мен Ай болсам,сен Жұлдыз боп тұрыпсың,
Ақылыңмен тура жолға бұрыпсың.
Бұлақ болсам таудан төмен құлаған,
Сол бұлақты қорғай білген тұнықсың.
Сәлем жолдап жалықпадың күнара,
Сен де,мен де барғаным жоқ күнәға.
Бірімізсіз күн кеше алмай біріміз,
Біздер өмір сүре алмаспыз сірәда!
Сән бергендей сен сыйлаған бір түп гүл.
Маған деген сағынышты жырыңнан,
Кетті ұшып мұңдарым да үркіп мың.
Биік екен маған деген құрметің,
Бір мен үшін әсемдейсің жыр бетін.
Сені босқа кінәлаумен келіппін,
Түнде жылап ,маза бермей жыр- жетім.
Жиып менің ізгі ойларымды шашылған,
Қорғаным боп табылған жан қасымнан.
Шалыс басып өрекпіген сәтімде,
Ақылыңа басымды иіп басылғам.
Мен Ай болсам,сен Жұлдыз боп тұрыпсың,
Ақылыңмен тура жолға бұрыпсың.
Бұлақ болсам таудан төмен құлаған,
Сол бұлақты қорғай білген тұнықсың.
Сәлем жолдап жалықпадың күнара,
Сен де,мен де барғаным жоқ күнәға.
Бірімізсіз күн кеше алмай біріміз,
Біздер өмір сүре алмаспыз сірәда!
Сен
Сен мендегі мықты төзім шығарсың,
Жұқартып ешкім бұзбаған.
Мен сендегі асау сезім шығармын,
Сыздаған.
Мен шыңдағы жалғыз шынар шығармын,
Тәңірден медет сұраған.
Сен шынарға бәлкім құмар шығарсың,
Жылаған
Сен күні шығарсың бәлкім басқаның,
Арайлап таңда ататын.
Мен жұлдыз шығармын қас- қағым,
Бататын.
Мен бәлкім сен үшін ,,ірі" шығармын,
Сырымды ешкім қазбаған.
Сен мендегі жырдың бірі шығарсың?
Мен әлі жазбаған!
Сен мендегі мықты төзім шығарсың,
Жұқартып ешкім бұзбаған.
Мен сендегі асау сезім шығармын,
Сыздаған.
Мен шыңдағы жалғыз шынар шығармын,
Тәңірден медет сұраған.
Сен шынарға бәлкім құмар шығарсың,
Жылаған
Сен күні шығарсың бәлкім басқаның,
Арайлап таңда ататын.
Мен жұлдыз шығармын қас- қағым,
Бататын.
Мен бәлкім сен үшін ,,ірі" шығармын,
Сырымды ешкім қазбаған.
Сен мендегі жырдың бірі шығарсың?
Мен әлі жазбаған!