Жүректе дін болмаса бәрі бекер,

Құр тілмен қауқылдасып уақыт өтер.

Жалғанның өтуі тез, әсте жылдам,

Жан шығар азаппенен сәтте жетер!

 

Жүрегім жұдырықтай, нәзік тіптен,

Жамандық ойламайды нәзіктіктен.

Құрметпен ғалымдардың еңбектерін,

Оқимын құмарлана, жазып кеткен.

 

Кімге жаным жарасқан соқыр мақтан,

Бүкіл адам жаралған топырақтан.

Жаман қылық бойыңды мазаласа,

Бір сәт үлгі ал, үзілген жапырақтан.

 

Адам қарны жұбанар шайнам астан,

Жұта алмайсың ірісін шайнамастан.

Тәуекел ет Раббыңа алдыменен,

Қоя берме, малыңды байламастан!

 

Керілдеспе ешкіммен керек емес,

Көп адамның ойы да терең емес.

Бастық болғын, мейлі сен қойшысың ба?

Алла алдында ешкім де бөлек емес..

 

Ерлан Арыстанбай