Жеткер Жүсіп

 

    Қызылорда облысы ,Тереңөзек деген жерде Есболғанов деген бір айтқыш шал болды.Өтірікті шындай,шынды құдай ұрғандай қылып айтады екен.

-Соғыстың соңы.Ұрыс даласы.Қар жамылған окопта жатып алып атып жатырмын,атып жатырмын.

Бір кезде:

 - Молодец, Есболғанов! Деген дауыс саңқ ете қалды.Артыма жалт бұрылып қарасам,Сталин! Астында ақ боз ат ауыздығымен алысып,ойнақшып тұр.

 - Есболғанов кәншай стрлят,Берлин взято!Завтро Кремль прихади,орден дам -деп атын аспанға бір атқызып алды да шаба жөнелді. Ертеңгісін Кремлге приемға бардым.Есігі Малинковпен қарама- қарсы екен.Ілулі тұрған киім ілгіштегі көп шинелдің қасына менде шешініп,Сталиннің есігін қақтым.Құшақтай қарсы алды.Екеуміз лимон салып шай іштік,әңгімелестік.

- Сонда ол кісі не деп жатыр?-дейді байыз таппаған тындармандары. - Не десін?Ауылды,сендерді,Жамила жеңгемді сұрап бәйек қақты.

 - О,жарықтық бізді қайдан білген,әулием-ай .

- Ойбай о не дегенің,тіпте ана Тереңөзектегі бастықтарға айт,биыл егісті Шаған жақтағы Қаратабанға салсын.Бітік болады- деді.

- О,құдірет!Не деген көріпкел еді! Содан маған орден тағып қимай шығарып салды. «Любой уақытта кел»деді. Сыртқа шықсам,ауыздағы екі полковник мені көріп,қаққан қазықтай қақиып қалды.Честь беріп мелшиіп тұр. «Ә,бәлем,Сталинның досы екенімді енді білдіңдер ме?»деп менде шірене басып келемін.

-Частыма келсем,командир частының бастығы «Полк строется»деп баж ете қалды.Жан жоқ,қалш-қалш қарайды маған қолын шекесіне қойып.

-Товорищ Маршал!По вашым приезе,полк построен! Бақсам бақа екен.Бағана ,Сталинның приемниында көп шинельден шатасып, байқамай, Ворошиловтың шинелін киіп кетіппін –депті ауылдың айтқышы.

      МЕТРОДАҒЫ КЕМПІР

Жолым түсіп ертеректе Мәскеуге барғанмын,Метро ығы-жығы халық. Зуылдай тоқтаған «жеркөр» көлікке отыра кеттім./Метроны айтады/ Қапталдағы орындықтан шарқатқа оранған бір орыс кемпірі мені көріп ұшып тұрды.Сөйтті де иығыма асылып,кемсеңдей жөнелді.

-Володя сені өте жақсы көретін еді,қайным.Ол өлгенде көңіл айтып келмегенің қалай?

Соншама аузы сарымсақ сасып,еңіреп жатқан бұл кім десем,Крупская жеңгем екен