Болған оқиға желісімен...
Ғани Әлихан
... Жұмысым Астанада болғандықтан ауылмен Астана арасына көп жүремін. Қыстың қақаған аязында көбінше пойызбен жүрсем, күн жылына машинаға ауысамын.Негізі машина жақсы .Тоқтағың келсе тоқтап, жүргің келсе жүріп, бара бересің.
Бір күні телефонда сөйлесіп, Алла қаласа, бірер сағаттан соң ауылға жол жүретінімді айтып бола бергенімде сол,магазин алдында тұрған бір келіншек сөзге қыстырыла кетті.
- Аға ,Қарағандыға жол жүрем дейсіз бе ,қашан жүресіз? Мені де ала кетіңізші -дейді.
-Алсам ала кетейін ,өзім үшін кетем ғой, əрі жолдас боласыз қазір машинамды əкелсін- дедім.
Сонымен не керек оң жағыма отырғызып алып жолға шықтым. Сөйлегенде сөз бермейтін ,бұл келіншек Астанадан шықпай тұрып:
- Аға « Встречаға»бара кетсек, айып етпеңізші бір шаруам бар еді- деді - Жарайды- дедім де « Встречаға»барып ,кем дегенде 40 минут уақытымды сонда жоғалттым. Енді онан шыққанымыз сол еді ,қолынан телефон түспеген бұл келіншек, сол маңдағы тағы да бір жерге кіріп шығайық деп өтінді.
Əңгіменің қысқасы екі сағаттай жүріп əрең дегенде Астанадан шықтым. Жағы тынбаған бұл болса, телефонда біреумен ұрысты,онан біреуді кешірім сұрауға тағы біреуге жіберді ,онан тағы да біреудің қатынына ұрысты,сонан соң келесі келгенде арнайы солардың бəрінің де үйлеріне кіріп жандарын шығаратынын айтып, уффф деп барып бір-ақ тоқтады .
Бір қызығы, сол сөйлесіп отырғанда мен магнитофонды қосып даусын көтеріп қоям ол басып қояды. Мен рульден жаймен ғана қайта көтерем, ол болса қайта басады.Тап бір байының машинасында отырғандай телефонда емін-еркін айқайлап əңгімені жіберіп келеді.Енді айтқанда да айтқыш екен ,жағы-жағына тимейді ғой құрғыр.
Қысқасы қаладан шығаберістегі пост көрінгенде ғана, өткенде осы постта өзі отырып келе жатқан таксиге айыппұл салып жарты сағаттан көп тұрғанын айтып алды да, мен өзім Шымкенттің Арыс деген жерінен болам ,кішігірім бизнес жағалап осы Астанаға келіп-кетіп тұрамын, енді Қарағандыға барамын, сол жерден заказ аламда дальше кетем, понедельник күні Шымда болуым керек деп, панельге телефонын тастай салып əңгімесін бастады .
Інілерім ғой екеуі де, соларды жəйлап-жəйлап Астанаға орналастырып жатырмын. Бірақ жастары отызға келсе де семья бола алмай бірі қашып, бірі қуып жүр ,келіндерім де сорлы. Әсіресе кішкентай келінім. Бай дегенді еркіне жіберу керек , аңдысып несі бар? Осы жастарды түсінбеймін. Ат айналып қазығын табады ғой бəрібір -дейді .Соған қарап əлгі ұрыстың басы қызғаныштан басталғанын топшыладым.
Екі қызым, бір ұлым бар. Екі қызым екеуі де студент, ал ұлым əлі кішкентай ,төртінші сыныпта оқып жатыр, ауылда атасымен əжесінің қолында- дейді.
Екі қызым студент дегеніне таң қалып, сонда жасыңыз қаншада ?-деп сұрадым таңданысымды жасыра алмай. Себебі өзі отыздан енді кеткен келіншектей көрінді маған.
- Қыздың жасы 18-де ғой аға,негізі қыздың жасын сұрамайды- деп қояды .
- Сөзіңізге қарағанда сіздің емес қызыңыздың жасы 18-де сияқты ғой -деп қайта қарадым.
- Ия қыздарым екеуі де студент – дедім ғой. Ерте тұрмысқа шыққанмын, жасым 35-те. Біздің Шымда қыздар ерте тұрмысқа шығады , айтқандай өзіңіз қайдан болдыңыз, жасыңыз қаншада ?-деп таныса бастадық .Тым жақсы жарасып келе жатқан əңгімемізді панельде жатқан телефоны бұзды.Безілдеп кеткен телефонын алып тағы да біреуге ұрыса жөнелді . Қырсыққанда сеть те жақсы болып, ұрысы жарты сағатқа жалғасты.Астапыралла деймін, менің телефонымда антенна жоқ ,ал бұл болса еш кедергісіз сөйлесіп ұрсып келеді.Ыңғайсыз ұрысқаны сонша тіпті телефонын қолынан алып терезеден лақтырып жіберсең деп келемін.Ол олма, бірдеңе десе өзін де лақтырсаң сол телефонның соңынан - деп қоямын.
- Әй Айдар! Сен асықпа жүгірмек ,ертең екі- үш күнде келем, сен анау қаншық Шынарыңа айт !Шашын бір талдап жұламын!- деп қояды. Не деген сөздер десейші келінді солай айтып келеді меніңше. Жаға ұстағаннан басқа амалым жоқ үнсіз ғана тыңдап келем....
Шыққанымызға бір сағат боп қалды , айналып өту деген белгіні көріп Осакаровканың үстімен жүрдім. Сондағыдəріханаға су алуға тоқтадым да сізге не алайын, қандай су ішесіз , мына айқайыңыздан тамағыңыз өртеніп кеткен шығар - деп қалжыңдадым.
Бетіме бақырайып бір қарап алды да ,багажниктен сумкамды алып берсеңіз болды,басқа ештеңенің керегі жоқ-деді.
Əрине бұйрығын бұлжытпай орындап кішігірім сумкасын əпердім.Өзім барып дəріханадан алатын суымды алдымда қайта жүруге дайындалдым.Жүгіріп кеп машинама отырғаным сол ақ екен темекінің иісі бұрқ ете қалды. Көзіммен көрмесемде темекі шеккені айдан анық боп тұр.Менің көзқарасымнан түсінген болуы керек : мен анда- санда темекі шегетінім бар айыпқа бұйырмаңыз- деп ұялған сыңай танытты.Осы кезде ауа-райы да күрт бұзылып жел тұрып нөсерлеп жауын жауа бастағанды.
- Мына сулардан іше отырыңыз енді ұрсып болған шығарсыз ,сіз асығыс болмасаңыз жəймен жүре берейін, күн бұзыла бастады- деп сөзге тарттым.
Сөйлегенде сөйледі ғой бұл келіншек,бірақ əңгімесі ə дегеннен-ақ еркек жамандаудан басталды.
- Жаңа айттым ғой, Арыс қаласына жақын ауылдардың бірінен боламын, алтыншы сыныптан бастап Арыстағы нағашы əпкемнің қолында тұрып сол жерде оқыдым.Он бірінші сыныпты оқып жүріп алғашқы күйеуіммен таныстым. Өзі менен үш жасқа үлкендігі бар еді. Махаббат- махаббат деп жүріп соның ығына жығылыппын. Ұнағаны соншалық осы жігітке тимесем өмір жоқтай көрінді.Не айтса да жоқ демей барымды сыйладым.Өзі бай тұратын елге сыйлы ,Қожа руынан шыққан кісінің баласы болатын.Əрине, менде де не ішем, не кием деген проблема болмады.Оқу бітіретін жылы жаңа жыл кіріп жатқан түні сол жігітім құшағымнан бір-ақ шықты. Балалығым ба , жастығым ба əлде ғашықтығым ба білмеймін өзіме солай дұрыс болғандай көрінді.Тек қана осы жігіттен айрылып қалмасам болды деген ой келді. Міне осыдан соң əр түнімнің тым құрығанда екі үш сағатын сол жігітпен өтіретін болдым.Сөйтім ойнақтап жүріп от бастым. Көктем шыға аяғым ауырлап қалғанын білдім. Бірақ не болсада кеш екенін түсіндім.
Осының соңы мен мектеп бітіргеннен-ақ үш күннен соң тұрмысқа шығып соңғы қоштасуға күйеуіммен келуге мəжбүр болдым.Ал достарым болса бірі Шымкентке ,бірі Алматыға оқуға кетіп жатты.Басында бəрі жақсы болды. Ең бастысы өзім сүйген жігітпен өмірлік бірге болам деп ойладым.Ішімдегі балаға алты ай болғанда қарным көріне бастады.Бұл маусым айы болатын, мектепте соңғы кездесу болып соған барғанымда қарнымды көрген сыныптастарым таң қалып жатты.Таң қалмай қайтсін тұрмысқа шыққаныма бір ай болмаса да қарным қампиып тұр. Ал менің тап осы күннен бастап қара күндерім басталды. Мұны көрген қайын атам ашуға мініп, бұлқан талқаны шығып ауылдағы шешемді шақырды.Тамақ басында отырып менің шешеме бір ауыз сөз айтты:
- Мына қыздарың бүгін ертең туады. Сіз құдағи ренжімеңіз, құда да ренжімесін айта барыңыз,сізді шақыртуымның басты себебі осы -деп сөзді кесіп тастады.
Ойында ештеңе жоқ менің шешем аңтарылып тұрды да қалды. Ештеңеге түсінбей қалған шешем болса ,бала болса жақсы емес пе? Мен түсінбей отырмын не əңгіме мұнда түсіндірсеңізші -деп қайын атама қайта шүйлікті .
Көп сөйлемейтін қайын атам шешеме қарап :
- Туғаны жақсы əрине өмірдің заңы ұрпақ жалғастыру екенін білемін бірақ...бірақ кімнің ұрпағын жалғастыру соны ойладың ба ?Тап қазір алып кет қызыңды ,бізге керегі жоқ -деп қысқа қайырып ,өз батасын өзі жасап бетін сипап алды да көрші тұратын үлкен баласы Азаматтың үйіне кетті де қалды.
Бұған шыдамаған менің шешем:
- Əй құда, еркек басыңмен не деп оттап отырсың , ішіме сыйған қыз сыртыма да сыяды, жина киімдеріңді кеттік- деп ашуға мінді.
Қайын атам оны тыңдасын ба, бір айтқан сөзін екінші рет қайталамайтын бірбеткей адам болатын ,шапанын иығына салды да үндемеген күйі үйден шығып кетті.
Осы ,осы болды мен өз үйімде күйеуім өз үйінде өмір сүре бастадық .Əкесінің сөзінен шыға алмайтын менің күйеуім келмейтінін де білдім. Алайда араға ай салып əкесі Меккеге кеткенде барып күйеуім төбе көрсетті .Көрсеткені құрысын мен қайтемін, мен не істей аламын ,əкем жол бермей отыр, əкем көнбей отыр дегеннен əрі асалмады. Күйеу баласынан нақты жауабын ала алмаған менің əкеммен шешем енді ашуға мінді .Жаным ашысада үнсіз іштей еңіреп мен жаттым. Ал əкеммен шешем болса айқайға басып менің үстімнен аттап өтіп міңгірлеп тұрған күйеуімді үйден қуып шықты.
Осылайша қолымда не неке қағазым жоқ, не оқыған оқуым жоқ, не күйеуім жоқ мен жалғыз қалдым.
Бар болғаны бір ай тұрып бір қыз көтеріп əке шешемді қарабет қылып алғашқы махаббатым болған ,бірінші күйеуімнен осылайша айрылдым...
Жалғасы бар...