Жалғасы...
Болған оқиға ізімен
Менің осындай күйде үйге қайтып келуім əкеме қатты соққы болды. Өзі бұрыннан көп сөйлей бермейтін кісі еді, енді тіпті тұнжырап отыратын тұйық мінез шығарды.
Сондай - ақ бұрын маған "тəйт" деп сөйлеп көрмеген əкем ,менің далаға шықпауыма өзі айтып қатаң түрде тиым салды .Осылайша азапты күндерім басталды. Көзімше анам байғұсқа жақ ашып сөйлемесе де, тамақ басына келгенде, көңілсіздің күйін кешіп отыратындарынан таяқтың бір ұшы анама тиіп жатқанын түсіндім. Мен болсам шарасыз күйде қарнымды құшақтап жатқаннан басқа амалым қалмады. Түнімен күнімен жылайтынды шығардым .Асылып өліп қалғым-ақ келді . Алайда ащы болса да ,мына қу жалғанды қимадым.
Сөйтіп жүргенде мен үшін тағы да бір суық хабар келіп жетті. Алғашқым болған Талғатым мен кеткеннен соң, екі ай өтер өтпес үйленіп , даңғырлатып той жасап жатты. Осылайша одан күдерім үзілді . Ендігі бір ойым қаңғып кету ғана болды .Бірақ қайда барамын ? Қаладағы нағашы əпкеме ме ? Жоқ оған да бара алмаймын .Себебі ол кісі де əкемнің сен неге қарамадың?-деген ауыр сөзіне қайта көрместей боп безіп кеткен еді. Тіпті араласудан қалды .Осылаша мен өз үйімнің ғана емес , араларына сызат түсіріп өзгелердің үйінің де берекесін кетірдім .
Бір күні жылап-жылап ерте жатып қалғам. Бөлмеме кірген аяқ дыбысынан көзімді ашсам, кіріп келген анам екен . Қызым екеумізге сөйлеспесек болмайды орныңнан тұршы деп басымнан сипады. Мұңымды түсінетін аннам ғой : қызым Шымкенттен құда түсіп келеміз деп жатыр ,кетпесең болмайды-ау, үйде отырып босансаң əкең жынды боп кетер ,не айтасың?- деп сұрады.
Ойланбастан кетемін деп жауап бердім. Онан басқа амалым да жоқ еді .Маңдайымнан иіскеген анам болса , көзінің жасын сүртіп шығып кете берді .
Ертесіне-ақ бізден бес алты үй əріде тұратын көршіммен екі əйел, жəне бір жас бала үйге кіріп келді. Қарсы емес екеніме көз жеткізді де үш күннің ішінде Шымкент қаласына алып кетті . Бұл тамыз айының соңы болатын .Осылайша өмірімде көрмеген білмеген жігітке екінші рет тұрмысқа шықтым.
Қаланың ықшам ауданында тұратын бұл отбасы өте жақсы кісілер болып шықты. Қызықтың бəрі екінші күйеуімді алғаш көргенде басталды. Не деген сұлу жігіт дерсің. Сұлудың да сұлуы нағыз жігіт Сұлтанының өзі . Қою қара шашты, сымбаты жарасқан осы жігітті көргеннен-ақ есім кетіп қуаныштан жүрегім жарыла жаздады. Оған қоса енеммен атамның : сен енді біздің қызымызсың , біздің отбасының мүшесісің сені біз өз қызымыздай көреміз -деген жылы - жылы сөздерінен, бақыттан басым айналып жылап та алдым.
Өмірге деген құштарлығым артып көңілді жүрдім. Таныса келе осыдан екі - үш күн бұрын үйге барған жас жігіт өзіммен түйдей құрдас туған қайным боп шықты. Ал мына екі келіншек болса бірі атамның қарындасы, бірі енемнің сіңлісі екен. Отбасында екі ұл жəне де атам -енем даңғырлаған осы төрт бөлмеде тұрады екен. Күйеуім болса өзімнен үш жасқа үлкендігі бар. Барған күнім бəрі де менің асты үстіме түсіп жалпақтаумен болды. Əсіресе енемнің қызым аман сау босанып алғанша өзіңді күт мен қартайып қалғаным жоқ ,бəрін өзім жасаймын деп жалпылдағаны жаныма демеу берді .
Қаланың аты қала ғой ауылдағыдай емес мұнда бəрі де оңай. Су келіп тұр кір жуу, қазан табақ жуу деген еш қиындық тудырмайды. Үй тазалау дегенің де сол шаңсорғышпен тазалап шығасың қысқасы екінші қабатта орналасқан бұл үйді жұмақтай көрдім.
Осылайша ойда жоқта бір күннің ішінде бақытсыз жаннан бақытты жанға айналып шыға келдім .Алайда əлі мені тағдырдың талай-талай соқпақтары күтіп тұрғанын білмеген едім....
Келген күні үйге көрші-қолаң ,туған туыстар келіп улап-шулап жаттық қой.Бұл күні көргенім болмаса күйеуіммен жеке отырып сөйлесудің сəті түспеді.Түн ауа қонақтар кетіп екі қайын апаммен бірге араласып жатып қалдық.Келесі күні туған туыс қайта жиналып кішігірім отырыс болды.Əрі- бері өтіп қайтып жүріп болашақ күйеуіме көз қиығын тастап қарап-қарап қоямын. Онда үн жоқ .Не сөйлемейді не күлмейді ,отырған жері өзінікі болған біреу .Мінезінің болып болғаны осы екен ғой деп ойладым.Тамақ дайын болғанда енем өзі барып шақырып келіп отырғызады екен. Мұны көріп көңіліме кірбің түсіп алаңдай бердім.
Сонан соң əрбір қимылына мұқият қарай бастадым. Алайда сырт көзге оғаштау ештеңе таппай қойдым.Салып берген тамақты жеп, құйып берген шəйді ішіп отыр. Тек тілі жоқ мылқау сияқты үнсіз отырады. Күлгендермен қосылып күлу жоқ,не сөзге араласып сөйлесу жоқ өз алдына отырған бір мемлекет.Осылайша өз ойыммен өзім арпалысып отырғаным да уақыт біразға барыпты.Келген қонақтар тарап үй- іші босап, екі қайын əпкелеріммен тағы қалдым.Бұл түнді де солармен өтірдім.
Ал күйеуіммен болса ертесіне түс қайта оңаша қалып сөйлесудің реті келді . Қонақтарды шығарып салуға шыққан енемнің жоқтығын пайдаланып, дереу күйеуімді іздеп бөлмелердің есігін бірінен соң бірін аша бастадым.Бірінші бөлме ,екінші,үшінші кенет соңғы бөлменің есігін жұлқып ашып кіріп бардым.Жалғыз өзі отырған күйеуім жалт қарады.Не дерімді білмей сасқалақтап барып - Еее қалайсың?- деп қойып қалдым .
- Жақсы деді жай ғана .Қуанып кетіп қасына отыра кеттім.Демек мылқау емес, саңырау емес, ең бастысы есі дұрыс- деп қуандым.
Қуанғаным сонша мойнынан құшақтап алдым.Ол да менің мойнымнан құшақтап алған ,бірақ үнсіз қимылсыз отыр.
Мен қалай ұстасам ол да солай ұстап алыпты .
Сыртқы есіктің сықырын естіп барып орнымнан атып тұрдым да асханаға өтіп, кесе шəйнек тазалап жұмысымды жалғастыра бердім.Енем болса айым-күнім деп ,айналып-толғанып келіп асханадағы жұмыстарыма көмектесе бастады.
Үй іші,ас бөлмені бəрін тазалап болып пакетке салынған тамақ қалдықтарын төгіп келейін- деп енем тағы кетті.Сол аралықта атын атап, күйеуімді шақырып алып қоқысты неге өзің төкпейсің?- деп сұрап үлгірдім.Ол болса үнсіз жымиды да өз жөніне кетті.Соңынан жүгіріп барып қайта қарадым.Сол бөлмеде сол қалпы жалғыз өзі тағы отыр .
Осыдан соң анық қорқайын дедім.Мынаның есі дұрыс емес екен ғой деп, көзіме жас сығымдап алдымда қой не болсада маңдайымнан көрермін, жылап жамандық шақырмайын -деп өзімді -өзім жұбатып күйеуімді қайта шақырдым.Ол болса келуіне келді-ау бірақ сол баяғысы баяғы үн-түнсіз қақайып қарап тұр.
Аңтарылып бір қарап алдым да ,столға отыр шəй ішеміз -деп орындықты көрсеттім.Ол болса мен көрсеткен орынға отыра кетті.
- Əй !-деп шəңк ете қалдым.Тұр орныңнан бұл менің орындығым ,ал сен анау орындыққа отыр- деп төрдегі орындықты көрсеттім.Сорлы ұшып тұрып барды да мен көрсеткен орындыққа отыра кетті.Сол сəт енем кіріп айналып толғанып столға кеп отырып əңгімесін бастады.Айналайын келінжан баламыз ауырып ,емдетіп жүрміз ,көз тиген деп жатыр Алла қаласа жақында жақсы болады қазірдің өзінде жақсы беті қарап келеді, бұйыртса тағы екі сеансы қалды ,сонан соң түбегейлі сауығып кетеді , айттым ғой енді сен менің қызымсың тек аздап шыдасың болды .Әлі жассыңдар- деп көз жасын сүртті.
Иманым ұшып зəрем қалмады.Маңдайға жазғанын көрерміз мен ешқайда кетпеймін жыламаңыз деп енемді жұбатып өзім еңіреп жылап бердім ...
Ең бастысы есі дұрыс сөйлемесе қойсын еркектік борышын өтеуге қауқары жетсе болды деп шештім.Ол жағынан да ешқандай кінəрат болмады.Сөйлемейтіні болмаса төсектегі борышын өтеп ақ бақты.Ол үшін тек мен бастауым керек.Мен қозғалмасам ол қозғалмайды.Үй тұрмысында да солай болды тек айтып отыру керек тамақ іш, отыр, тұр, жат- қысқасы қазіргі тілмен айтқанда " мəңгүрт ".
Мен болсам Алладан үмітімді үзбей жақсы боп кететініне сеніп жүре бердім.Осылайша күндер өтіп жатты.Бойым да үйреніп қалды . Күн сайын жақсы көре бердім, көре бердім . Қалған ғұмырымды осы жігітке арнаймын деп тас-түйін дайын жүрдім.Сөйтіп жүріп күнім жетіп тұңғышым Динараны өмірге əкелдім.Атаммен-енем де, қайным да, туған-туысқандарын да қысқасы бəрінің де қуанышында шек болмады.Осы сəт мен де өзімді өте бақытты сезіндім.Бақыттымын демей не деймін енемнен бастап атам да ,қайным да бəрі де асты -үстіме түсіп жалпылдаудан бері келмейді.Қызым болса күн сайын қылық шығарып бірде күліп бірде жылап өсе берді.Бақыттан басым айналып үй тіршілігін жасап қойып менде жүре бердім.Араға үш ай салып жаңа жыл келді.Бұл мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жыл бітіп жатқан кез болатын...
Жалғасы бар...