Нұрғайып Хавсеметұлы
 
1986 жылы маусымның 13-ші жұлдызында МХР-ның Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген. Кейін Атамекенге оралып Ақмола облысы Степногорск қаласы Қырыққұдық ауылына тұрақтаған.  Көкшетау қаласындағы «Ж.Мусин» атындағы қазақ педагогикалық колледжінің филология бөлімінің 2015 жылы тамадаған. 2017 шабыт фестивалінің үзік әдеби шығарамалар аталымы бойынаша дипломант атанды.

 (әңгіме) 

Алға қадам басқан сайын, табаныңнан асфальт жолдың ыстығы өтіп, маңдайың шағырайған күнің ыстығы қарап, бір жұтым суға зәру болып кенезесі кеуіп келеді. Санасында айқындалып болған жалғыз мақсаты, ертерек ел жетпей баспанасына жету ғана. Күні бойы вокзал жағалап өткен, кеткен жолаушының жүгін көтеріп тапқан бес жүз теңгесі, кешкілік ішер суының құны ғана болғандықтан ба, жол жөнекей кезіккен адамдарға да, «үйім қала сыртында еді, жолға ақшам жетпей тұр, жиырма теңге, он теңге, бес теңге беріңізші», деп, көгеріп қалған жанарымен еріксіз мүләйімсіп қарайды. Кейбір жан мүсіркеп азынаулақ бірдеңесін берсе, кейбірі кеудесінен итеріп, танауларын тыржитып өтіп кете берді. Амалы құрыған соң жол бойындағы аялдамалардың біріне барып тоқтап, Артем базары бағытына жүретін он төртінші маршрутканы күтіп тұра қалды. Аялдамада тұрғанымен жан-жағына қарап біреу-міреу мына түрімді көріп қоя ма, жоқ әлде танып бірдеңе дей ме деп басын мойына тығып құшынып тұра берді. Қасында тұрған адамдардың біразына интелегенттің көзімен қарап, киім киісімен тұрысына бақылап, бірін ұстаз екен десе ал бірінің балағына жабысқан батпағына қарап құрылысшы санап тұра берді.

Автобустардың бірі келіп бірі кетіп жатты. Неше 14 келіп кеткені белгісіз, тек бұрынғы элитный кезі санасында саңылау беріп біраз жерге дейін шарпылып есінен шықпай дәл қазір мәңгіріп тұрғаны.  Жанына келіп тұрған адамға не судья, не прокурор деп болжап, бұрынғысынан бетер түксиіп аялдаманы айналып кете бермекші болып еді, иығына біреудің қолы шап ете түскенде барып селт етіп тоқтай қалды.

«Басеке, сіз бе?» деп, ұзын бойлы, таңқы танау шарық беті қарқылдап күле жөнелді.

Дауысы кібіртіктеп «мен сені танымаймын», дегенімен, оның Адик яғни Айдын екенін бірден таныды. Бір кезде ауыз жаласқан сыбайластарының  бірі болған. Талай жерде бірге отырып коньяк пен виски ішісіп, талай жас қыздың жастығын бірге құртып едік қой деп іштей өз-өзіне күбірледі. Ал Адиктің құлағының тұсына кеп не деп саңғырлап жатқаны естіліп тұрғаны шамалы. Тек даңғыралап келіп тоқтаған автобустың бірінің ішіне зып ете түсіп, басына төңген қырсықтан әзер құтылғанына шүкір етті.

Кандуктор қыздың «жол ақысын дайындаймыз» — деп сыңғырлауы тағы да зәре-құтын қашырды. Қалтасын қармай бастап, келген қызға алпыс теңгесін ұстатты да келесі аялдамадан түсіп, аяғын сүйрете басып ойланып кете берді.

***

Қаланың сыртындағы алған жерлерін Айдынмен бірге келіп өлшеп бірі өр жағына, екіншісі төмен жағына ел салып жатқан екі қабатты баспана салатын болып жоспарлап қайтты. Жол жөнекей екі дос жаңа мекен етер жерлерін жуу үшін түнгі құлыптардың біріне келіп кірді. Айдын болса бұрынан бері келіп жүргенін айтып, бұл араның қыздарының қызметінің өзі хор қыздарының қызметінен әлде қашан артық екенін айтып, Беріктің аузының суын құрғатып жіберді. Жан-жағының  бәрі жарқылдаған шамдар. Шамдардың арасында толықсыған бикештер. Бір бағанды айнала билесе, бірі келген азаматтардың алдында анадан туғандай болып тайраңдап жатыр. Ал Берік бұрын-соңды бас сұғып көрмеген жерден, өмірін құртып шығарын сезе алмады. Айдын болса Беріктің барлық іс-әрекетін өзінің қол телефонына бейнероликтерін таспалап, ішкі есебін жүзеге асыра берді. Берік болса қасындағы сенім артқан жолдасының жымысқы әрекетінен еш хабарсыз орыстың тырна сирақты бір қызын құшақтап люкс бөлмеге кіріп кетті. Люкс бөлмеге ере кірген қызда Айдынның алдынала жоспры бойынша осы араға әкелген көшенің салпы етек қыздарының бірі болатын.

Ал, Айдын болса құрлыс барысын өз сыбайласы Дарынға айтып бар      іс-әрекетті бақылау керектігін баса айтып үйіне кеттіп қалды. Берік өзінің лай суға белшесінен батып бара жатқанын сезбей, тән құмарлығын қанағатандырып аяғын сілки басып ол да жарымен балаларына кетті.

Арада бір апта өтпей құрлыс алаңына буткалармен үйдің тағанына керек жарақтың барлығы дайындалып болды. Айдынның технозор деп таныстырған Дарынға құрлыс жұмысын сеніп тапсырып аптасында бір келіп кетіп жүрді. Дарын Артем базарын жағалап питакқа шығып жүрген Торғайдан келген бірнеше азамттармен келісімге келіп. Әр апта сайын істеген жұмыстарының еңбек ақысын айтты.

Қазан ай келе басталған екі үйдің сыртқы жұмысы желтоқсан айының ортасында біршамасы аяқталып қойған болатын. Басында құрлысшылар апта сайын еңбек ақыларын алып тұрғанымен соңында еш қаржыға қол жеткізе алмай абдырап қалып еді, Айдын келіп екі үйді салып жатқан құрлысшыларға мал сілекейін беріп қана қойды. Беріктің жүзін жары мен балалары бір көруге зар болып отырғана бірнеше күнің жүзі болған.

Берік тағы да Айдыннан қарызға ақша сұрап, машинасын сатқанда бәрін қайтаратынын уәде етіп, тағы да люкс бөлмесін паналап кетіуге аттанды. Айдынның құрған тұзағына соңғы рет шырмалғанын ол сезбеді. Бара салысымен көңіл жықпас достарымен аққайнардың біразын сілкіп тастасымен, өз араларында белка ойнап қомақты қаржы тігіп бір-бірінің қалтасын қағумен отырды. Басында біраз байлыққа кенеліп Берік соңында машинасы мен салынып жатқан үйді өзгелердің атына аударып отырғанда барып, Айдынның құрған қақпаны алқымнан қыршый шапқанын сонда барып білді.

Көрінгенге дәрменсіз күйде қарап барымды сендердің аттарыңа аудардым енді қоя беріңдер жайыма десе, Айдын бастатқан азаматтар қарқылдап күліп сен қарызыңның пайызынан ғана құтылдың деп зекіді. Шынымен дәрменсіз күйге жеткен Берікке, бұрын болған жайттардағы бейнероликтер мен суреттерді көрсетіп, жұмыс орнынан бас тартуды талап етіп отырғаны.

-Айдын-ау біз дос емес пе едік. Өткенде ғана саған жер де алып бердім ғой. Тіпті ана ініңнің оқуына көмектеспеп пе едім деп мүсәпір кейіп танытып, күрсінді.

-Беке, деп соңғы рет сыйлайын. Сенің маған істеген жақсылықтарыңды ескеріп. Мына матиралдарды әйеліңе жолдайын, ол да сенің опасыз екеніңді білсін деп Беріктің кеудесін итеріп жүре береді.

Бойындағы барлық ерік жігерден ада болғаны сондай, таң бозарғанда есігін үмітсіз қағып тұрғаны. Есіктің ар жағынан долы қатынның ызғарлы даусы саңқылдап қоя берді.

-Бұл кім?

-Мен Берік қой!

-Берік болсаң қайтем, ана салдақыңның құшағына бар! Бұл арада неңді жоғалтың құры!

-Жадыра жаңылдым, жаздым, мені қара басты, менде тек сендер ғана қалдыңдар деп көз жасына ерік беріп еңіреп жіберді.

Жадыра үйдің есігін ашып, «мынау сенің бар байлығың»- деп, қолына шамаданын ұстатып бет қаратпай ол да кеудесінен итеріп есікті ішінен тарс екізіп жауып алды.

Қайда барам, не істеймін деген оймен етегі жасқа толып подъездің алдына шығып соңғы темекісін тұтатып жұтына сора бастады. Қай жерден жаза бастым деген ой санасынан шығар емес. Қалтасынан телефнын алып талай жыл дәмдес болған азматтардың бірінен соң біріне жалғап қарызға ақша сұрады, аз уақытқа тұрар жатын орын сұрады, ешбірінен қайыр болмай жұмыс орнына қарай үмітсіз ойдың жетегінде жылжи берді.

Астана жұртының жанарынан мейрім дейтін сезімнің оты өшіп қалған тәрізді. Ешкімнен ешкімнің жұмысы жоқ сияқты. Барлығыда тіршілік үшін жанталасып, барлығы да алдап арбаумен күнелтіп жатқан сияқты. Сүрінген жанның қолтығынан сүйеп тұрғызып жатқан ешбір жан баласы көрінбейді. Тек қана бұрын мініп жүрген лексус көлігінен Айдын сигнал басып өте шықты.

***

Өңірі өрім-өрім болған курткасын құшына оранып бір топ алқаштардың қасына келіп жанбасын жер искетті. Бұрынғы тәкапарлықтың бірі де қалмаған бұл кезде. Бұрынғы таңдап ішер астың, бүгінде қоқыс жәшігіне кім не лақтырса соны ақтара жүріп қолына ілінгенін жейтін халге түскен. Бүгін тағы да Айдынның табасына қалатын бір сәттен өзін жұбатқысы келгенімен, кондуктор қыздың бетіне келіп бедірейіп қарап, қолындағы ақшасын алмай қағып жібергенде, оны қайта теріп алуға намыстанып теріп алудың орына автобустан түсіп кетті. Бір топ жастар ол қылығын еріксіз мазақ етіп олар да өзін иығынан қағып түсіп кеткенде, Айдын мен Жадыраның кеудесінен итеріп бірі дәрменсіз күйге, бірі соңғы үмітінен айырғаны есіне түсіп, астындағы кардонды кәріздің түбіне қарай жылжытып қойып пысылдап ұйықтап кетті.

Қоқыс таситын машинаның гүрілдеген дауысы оятып жіберді. Қасындағы қоныстастарының барлығы ертерек тұрып жаппай бәрі бір-бір қоқыс жәшігін иемденіп алып ішінен қазына тауардай ақтарып отыр. Бәрінің де өзінің иелігіндегі жәшіктері бар, ал Беріктің жәшігін баяғыда тиеп болыпты. Енді кім не әкеп тастар деп өз қазына қоймасының қасында екі көзі төрт болып отыр. Бүгін талқажау етер бірдеңе таппаса, ас ішпегеніне екі күн болады. Жалпыс тойып ыстық тамақ ішпегеніне, сол үйінен кеткеннен бері ішпеген. Одан бері де бір жарым жылда жылыстап өте шығыпты.

Меншікті мекенге қолтықтасып подъезден шыққан ерлі зайыпты, түннен қалған астарын тастап, жан-жағындағы «Бомжға» көз салмастан өте берді. Берік сәл алыстағанда барып Жадыраны сыртынан таныды. Өзі де сезбей қалды Жадыра деп айғай салғанын. Жадыра жалт қарады. Бұрылып бомждың қасына келіп бір кезде бойына көлденең қылшық жолатпайтын Берігінің осыншама жүнжіп кеткенін көріп еріксіз аянышты түр танытып. Қасындағы Айдынға мынаған жүз теңге берші деп сықылық қағып бұрылып кете берді. Бұл қорлыққа шыдай аламады. Асфальт бойымен заулап кетіп жатқан көліктің бірінің асытына түсті де кетті. Айдын мен Жадыра көз алдында үзілген жанның өміріне араша түсе алмай, ауыздарын ашып аңырып тұрды да қалды.

 

zhasalash.kz