Хикая 

– Ей жетімек, тұр қане! Дүкенге жүк келді. Түсіріп ал!!!
Айдос осы түрі сұсты əйелдің айқайына əбден тойды. Өзінің тастанды екенін үнемі бетіне басып, жекіріп, түрткілеп отырады.
Өзінің туған Анасы болса шіркін… Жетімек деп емес, балам деп басынан сипап, бұл əйел көрсеткен қорлықтың бірін де көрсетпес еді.


Айдосты төрт айлығында анасы осы дүкеннің есігінің алдына тастап кеткен. Содан бері байғұс баланың көрмегені жоқ. Өгей шеше оны ешқашан аяған емес. Бірде мынадай оқиға болды. Қатты шошынғаны соншалық, Айдос сол сұмдықтан кейін сөйлей алмай, тірі мылқауға айналды…
Дүкеннің жүгін түсіріп жүрген 9 жасар Айдостың жағынан ащы шапалақ тиді… Артына жалт бұрылса, өгей шешесі екен.

– Сорлы жетім, сені асыраймыз, киіміңді тауып береміз, ең болмаса дұрыстап жұмыс істей алмайсың, – деп бұны бас көз демей төбелей жөнелді. Таяқ сүйегінен өткен кішкентай бала шыдай алмай дүкеннен қашып шықпақ болған еді, қарсы алдынан өгей ағасы ұстап алды.

– Мама, бұл жетімді маған қалдыр, – деді баласы. Сөйтті де дүкеннің жүк қоймасына апарып тепкінің астына алды.

Сондағысы өгей шешесін ашуландырған бір ауыр коробканы жұмыртқа салынған қораптың үстене қойып, бірнеше жұмыртқаны сындырып алыпты.

– Аға, кешіріңізші! Ұрмаңызшы, өтінемін, ұрмаңызшы…
Айдос осы сөздерді айтып жатып есін жоғалтып бара жатты… Сонда ғана не істеп қойғанын түсінген өгей ағасы қимылсыз жатқан Айдостың тамырын ұстап көрді. Соғып тұр. Дереу көлігіне салды да, ауруханаға алып кетті. Осыдан оянбай өліп кетсе, басына бұлт үйірілгенін түсінді. Қалайда жанын аман алып қалу керек. Бет аузы қаннан көрінбейтін Айдосты көрген дəрігерлер жылдам іске кірісті.

... Екі күн дегенде əрең есін жиды. Бірдеңе айтқысы келеді, тілі келмейді. Дəрігерге суды нұсқап, өзінің су ішкісі келетінін түсіндірді. Қатты қорыққанынан ол тілден қалған еді. Айдос ауруханада бір ай жатты. Жұлынына күрделі операция жасалды. Ауруханадан шығарда алып кетуге өгей ағасы келді. Оны көргенде Айдос бұрышқа тығыла берді, екі бүктетіліп жылай берді….
Жетім баланың өгей шеше мен жауыз ағадан көрген қорлығы тек бұл емес. Арада одан бері 15 жыл өтті. Айдоспен ешкімнің жұмысы жоқ. Оның өмірдегі орны да, сол үйдегі орны да тек сол дүкеннің жүк тасығышы ғана…

ketpe.com