6.ҚАЙДА ЖҮРСЕҢ АМАН БОЛ

әңгіме

(Жалғасы)

 

Қайда жүрсең аман бол

Әңгіме

Жалғасы

- Гүл...

- Өй, заны... сол, саған "кел, кел" дейім...

- Жоқ, жан... барам ғой.

- Келші бір... Болды сосын!

- Мақұл!

- Келген кезіңде, тұрған жеріңді айт, өзім барып алып кетем...

- Мақұл, жан...(Жоқ деп айту мүмкін емес)

- Баха, ешнәрсе керек емес, өзің келсең болды...

Енді шегінерге жер қалмады, бару керек! Әйтпесе Гүлдің жылағаны жылаған... Уhі, интернет-ит өмір-ай...

                                                             *******

Мен өзім Гүлді қалай жақсы көрсем, қазақты да солай жақсы көрем. Әрине, ана басты орында ғой енді. Бір атадан тараған "ұлтшыл", "ұлтжанды", "нацпат", "шовинист" деген сөздердің ешбірі маған жат емес. Қара сөзден қағида жасайтын лингвист ғалымдар бір сөзді тырқыратып жүріп ұстап алып, жанын шығарып "қинайды" емес пе? Сосын оны буындырып "буынға", қылқындырып "жалғау-жұрнаққа", одан "әріпке", "әріптен" - "ноқатқа", "ноқатты" "нүктеге" бөлшектейді. Ақыр аяғында апарып дарға асады, сөйтіп жаны жай табады. Дардан қашқан "үтір", "сызықша", "көп нүктелер" біз секілді сауатсыздарды сағалайды. Сосын біз әр сөз сайын үтір, әр сөйлем сайын көп нүкте қойып пәлсафа соғамыз. Менің де тағдырым осындағы "көп нүктеге" ұқсайды...

Ұлтшыл болсам Гүлді неге орысша сөйлетем? Осы "ботқа" "...мақтаным ба, асым ба?" Жоқ... қайта мен Гүлдің көп сөзін қазақшалап жібердім. Бірақ неге екенін білмейім, оның орысшасы маған ұнайды.

- Приве-е-ет :-):-):-* (Бүгін келді де "шаттанған" смайлик қойды, кешегіден ыңғайсызданғаны болар)

- Ассалаумағалейкум! (Ұлтшыл қазақ осылай амандасу керек)

- :-):-):-) (Риза боп қалды)

- Не жаңалық?

- Кеше студент кезде бір бөлмеде жатқан Нұрсәуле деген подружкам бар еді ғой.

- Ол кім? (Ұмытып қалыппын)

- Эй, сен артымнан іздеп келгенде таныстырған ше...

- Ііі... иә... (Әзер есіме түсірдім, аққұбаша келген әдемі қыз)

- Сол... қуанышым қойныма сыймай, сені тапқанымды соған айттым! Точнее, сен мені тапқаныңды!

- Ия... жағдайы қалай екен?

- Жақсы бәрі... ол да қуанып жатыр. Кездесетін болсаңдар маған да айтыңдаршы дейді. Смайлик «smile» (Гүл кездесуден басқа әңгіме айтпайтын болды)

- Несі бар, айтсаң айт, келсе келсін!

- "Баха екеуің қандай бақыттысыңдар, бір-біріңді тапқан, менің де алғашқы махаббатым есіме түсіп кетті, бірақ біз жүрмеген едік" дейді. Смайлик «smile»

- Неге?

- Сырттай ғашық боп ем, кездескенде не дейім дейді...

- Іыым, өкінішті екен...

- Солай, жан... так что, бізге кешегідей жылауға болмайды. Смайлик «smile» Вот так... вот...(Кешегі өз жылағанына тағы да ұялып жатыр, махаббат деген - "аққудың көз жасындай көлге тамған" көздің жасы! "Жанымды тербетесің шерге толған.... оооый, арман")

- Гүл, мен агентке сен үшін ғана кіретін болдым, өзге достардың бәрін игнорға тығып тастадым... Смайлик «smile»

- Өй, заны... мен де сол ғой. Азанда жұмысқа асығам, жаным маған не жазып қойды екен деп. Қолың тисе хат жаза бер, осылай жүрек жарасын емдейік. Смайлик «smile» Хат жазуға қолым тие бермейді өзің білесің... Сенің хаттарыңды зор махаббатпен оқиым, бір әріпін қалдырмай... Қайта-қайта оқиым.

- Мен де сөйтем....

- Сенің хаттарың жүрегімнің дәрісі ғой. Смайлик «smile»

- Смайлик «kiss» (Гүлдің жанға жайлы, жып-жылы сөздері ұнап кетті де через смайлик "сүйіп алдым") Хат жазып тұрам ғой...

- Смайлик «kiss» (Гүл де "сүйді") Агент біздің кезімізде болғанда ғой, ия, Баха, бір-бірімізді жоғалтпас па едік...

- Ия, ондай болғанда класта отырып алып хат жазысатын едік қой. Смайлик «smile»

- Смайлик «smile» Қазіргі оқушылар құсап па? (Гүлдің көңілді кезін пайдаланып, кездесү мәселесін ақылдаспақ болдым)

- Гүл...

- Ия, жан...

- Мен де сені көргім келеді (Ойымды аяқтамай жатып "отправить"-ті басып жіберіппін, Гүл жақтан "шаттанған" смайлик сарт ете қалды)

- Смайлик «smile» (қуанып кетті)

- Гүл, Асан ағаң аңдып жүріп, тағы да ұстап алып еді ғой бізді... Смайлик «smile» (Осылай сразу манёвр жасау керек болды, көңілін түсіруге болмайды. Ал негізі кездеспей-ақ қояйық деген секілді бірдеме айтқым келген)

- Смайлик «grin» (күліп жатыр)

- Қорықтың ба, Гүл? Смайлик «smile»

- Қорықтым ғой, бірақ қыстағыдай қатты қорыққан жоқпын, өйткені күн жылы - жаз еді ғой... қасымда сен барсың... :-):-):-D

- Кездесіп жүргенімізді білген ғой сонда? Смайлик «smile»

- Білген ғой, жеңгем де "ағаң бірбале сезіп жүр, байқа!" деген. Екеуміз ұсталатын күні ағам тойға кеттім деп кешке жақын үйден шығып кеткен. Сөйтсем бізді аңдуға кеткен екен ғой :-):-):-) (Гүл күліп бір мәз)

- Сүйісіп тұрғанымызды көріп қойған ба? Смайлик «smile»

- Көріп қойған, помнишь Баха, талдың түбінде тұрғанда қасымыздан қараңдап біреу өтіп еді ғой...

- Иә... Смайлик «smile» (мен де мәзбін)

- Сол ағам екен ғой, қараңдап барып біздің үйге кіргендей болған... Ұстап алып ұялтпай-ақ қояйын деген шығар... Смайлик «smile» Смайлик «grin» (Гүл де мәз, мен де мәз, бүгін бір тамаша әңгіме болып жатыр)

- Сосын жеңгем келіп "екеуіңді де Асан шақырып жатыр, дәл қастарыңнан көріп қойыпты, өлтіреді қазір" дегенде, сен "мен кете берейін де" деген ең ғой... Смайлик «grin» (Рахаттанып күліп жатыр-ау)

- :-D:-D:-D (мен де риза боп күліп жаттым)

- Сонда қорқып кеттің бе? Смайлик «grin»

- Қорыққанда енді... ұяла қорықтым. Смайлик «grin» (Болайын деп тұрып болмай қалған қайнағама қорыққаннан бұрын құрметім басым еді, "Махаббат деген - таяқ жеу", қайнағаңнан дә)))

- "Ұяла қорыққан" түрден сол... заны... заны... заны... Смайлик «grin» Смайлик «grin» :-D(Гүлдің ішек-сілесі қатты-ау) Смайлик «kiss»

- Гүл, сосын екеуміз бардық қой сүмірейіп ағаңның алдына. Смайлик «smile» Смайлик «grin»

- Смайлик «grin» Смайлик «grin» Смайлик «kiss» (Әлі күліп жатыр, өзім жалғастыра берейін, күліп алсын жаным әбден)

- Ұрсып-ұрсып, құрыңдар деп екеумізді қуып жіберді ғой. Смайлик «grin»

- Смайлик «grin» Смайлик «grin» Смайлик «grin» (Гүлдің бүгін күлетін күні)

- Екеуміз былай шыға түк болмағандай, ыржыңдасып, күлісіп таңға дейін жүріп ек, ия... Смайлик «grin» Смайлик «kiss» (Маhhаббатқа мас болған қайғысыз, мұңсыз күндер-ай...)

- Ия, жан... содан кейін біраз уақыт тек сабақта ғана кездесіп жүрдік. Кстати, Баха, сен сабақта жүргенде ды-ы-ым сөйлемеуші ең ғой, тек күле беретінсің. Кешке келгенде тоқтамай сөйлеуші ең.

- Ұялшақ едім ғой.

- Бірақ сол ұялшақтығың ұнаушы еді маған.

- Ұялшақтығымның кесірінен ғой, махаббатты кеш бастағанымыз.

- Хорошо что, сен маған сөз айттың... Смайлик «smile»

- :-)

- Кейіннен түнгі сағат 3-те кездесетін болдық :-)

- Иа, Гүл, ол кезде жаз еді. Күн де, түн де ыстық...

- Саған бола ыстықтасам да үйге жатушы ем. Далаға жатсам кездесуге шыға алмаймын. Үйдегілердің бәрі далада жатады ғой.

- Ия, жан... бәрін білем ғой. Түнгі 3-те тықырын білдірмей терезеден(форточкадан) шығушы ең... Бір мен үшін!!!

                                                        *******

Өмір дейміз, тағдыр дейміз, не десек те сол нәрсе өте берді зуылдап. Жан дүнием, тіршілік тынысым қатты өзгеріске ұшыраған. Мынау байтақ ғаламда көрінетін елеске айналып, қарақан басым жүргендей едім...

- Гүл(келіншегім), -дедім бір күні, - Алматы жаққа барып қайтам-ау дейім...(Алғашқы махаббатыма айтпай барып, сүрпіриз жасайын дедім, қуаныштан жүрегі жарылып кетсін)

- Баха (Келіншегім де мені көбінше осылай атайды, өзім де калейдаскоптың мың құбылатын түрлі-түсті шыныларындай, бұл ГҮЛ мен ол ГҮЛДІ шатастыратындай мәжнүн-күйге жетіп ем), осы жолы бармай-ақ қойш, жүрегім бірбәлені сезіп тұр...

Қарасам, көздері боталап, мұңға толып тұр екен. "Келші, жаным!" деп, қатты қысып құшақтадым. "Әйелдің жүрегі бәленің бәрін сезеді ғой, тек білмегенсіп дымыңды құртад тә. Біз, еркектер, "қатырдық" деп, өзіміз "қатып қап" жатамыз..."

Гүл(келіншегім) екеуміз құшақтасып тұрып, кәріс-кинодағыдай іштей сөйлесе бастадық...

Мен: - Кешірші, жаным...

Гүл: - Кешірем ғой, кешірмеген кезім бар ма?

Мен: - Мені өзің білесің ғой...

Гүл: - Білем ғой, Баха, күйремесей... Ешкімнен нан сұрап отырған жоқпыз, осы күнімізге шүкір, бірақ бәріміз сенің бетіңе қарап отырмыз ғой...

Мен: - Мақұл...

Гүл: - Бұрын той-томалақта ғана ішуші ең... Әнеугүні өзіңнен-өзің сыра ішіп отырсың, оның не енді?

Мен: - Ішпеймін енді өйтіп..."

Гүл екеуміз іштей әңгімелесіп болғасын, арқасынан қағып, естірте:

- Көңіліңді түсірсем кешір жаным, Алматыға бармасам бармай-ақ қояйын! - дедім. Гүлдің жабырқау жүзі жадырап сала берді...

                                                           *******

Әнебір жылы алғашқы махаббатыммен кездейсоқ кездесіп қалып, артынан мұңға батып "мөлдір судан" мөңіретіңкіреп жүргенде кездесіп еді Гүл(келіншегім). Мас-мас тұрпадымды жатырқамай, менімен бірге мұңдасып, жаныма жалау боп еді, барды-жоқты өнерімді бағалап еді, сыйлап, құрмет тұтып еді. Қазір де "ой, менің шалым көкесі болмай тұр ғой, әйтпесе, Алматыда жүрер еді" деп көтермелеп қояды. Сосын айыбым болса, базбір қатындардай зәрін шашпай, жайымен айтып ұғындыруға тырысады. Обшым, екеуміздің арамызда сыйластықтан басталып, сүйіспеншілікке ұласқан шынайы бір сезім бар. Гүл де бір кездегі махаббатын есіне алатын шығар, ол да пенде ғой, онда да жүрек бар ғой! (Өзімді келіншегімнің орнына қойып көріп ем, жаным түршігіп кетті.) Жүрек болғанда, қандай жүрек - өте мейірімді, кешірімді, кішіпейіл жүрек! Былайша айтқанда нағыз АНА жүрегі!

Сонда дейім-ау, менің істеп жүргенім қай иттік? Иттік деген жай сөз, нағыз арамзалық! Бітті, Гүлмен(махаббатым) виртуалды байланысты үзілді-кесілді қысқартам! Хат жазбайым да, бармайым да, кездеспейім де! Хватить уже!

- Баха, бүгін бір ауылдағыдай қазыдан, сүр еттен сап, ет асайық, ия! Ет жемегелі біраз болды ғой өзі, күнде шөп-шалам...

- Ассақ асайық! (етті жеп-ақ жүрміз)

- Үстің кірлеп кетіпті ғой, әкеш стиралкаға сала салайын!

- Қоя бер, жаным, қазір-ақ қарамай болады ғой...(әйтпесе кеше-ақ жуып берген, тап-таза)

Сонымен бәрін де қоюға тура келді. Алайда бәрін қойдым десем де "агентит" аурүына мықтап шалдыққанымды ұқтым. Бар ынтам солай қарай ауад та тұрад. Есіл-дертім - агент. Оның үстіне Гүл де мені іздеп жатқан шығар... Содан кірмедім десем өтірік болар, "невидим" арқылы кірдім агентке. Статусы жарқырап жасыл жанып тұр! Әрине мені күтіп отырғаны айтпаса да түсінікті. "Пошта жәшігім" хатқа толып қапты! Гүл не жазды екен?!!

 

"- Привет, Баха! Ты где?

- Қайдасың? Звондасам алмайсың, жақсы ма бәрі?

- Гүл біліп қойды ма?

- Жан... ;-( ;-( ;-( (жылаған смайлик)

- Баха, заным менің... :-* :-* :-* (сүйген смайлик)"

 

Күніне агентке бір кіріп, Гүлдің хаттарын оқиым да, жауап жазбастан шығып кетем. Сотканың нөмірін ауыстырып тастадым. Шынымды айтсам, жүрегім қан жылайды, бірақ басқа амалым да жоқ. Несін жасырайын "невидим"-де отырып, хаттардың бәрін оқып отырдым...

 

" - Жан... қашан келесің? :-*

- Сағындым...;-(;-(;-(

- Жарайды, кездескің келмесе де, хат жазып тұрш хотяб..."

 

Бір ай бойы үздіксіз хат кеп тұрды... Уhі... Гүлден келген ең соңғы хат мынау болды...

"- Жан... Жаным... Өзіңе қарап аман жүр, жаным...:-*:-*:-*;-(;-(;-( "

Гүлден хат келмей қалғасын да дел-сал боп біраз жүрдім, біртүрлі оның хаттарын күтетін сияқтымын... Қатты қиналдым... Оңай емес қой енді, бар ашуымды аямай темір тоқпақтаумен шығарып отырдым. Енді агентке ешқашан кірмеймін, кірер болсам, жанарыма мөлдіреп жас келері анық...

 

"Қайда жүрсең аман бол,

Саулығыңды тілеймін.

Саған айтар сертім сол, -

Өзге жанды сүймеймін!"

 

ҚАЙДА ЖҮРСЕҢ АМАН БОЛ, Ж А Н Ы М...

  Соңы

 

Ердос ҚОНЫС(Бақыт Шәрәпи)