Сабырбек Олжабай

   Еңселі үш қабатты үйге кіріп келген Болатбек аңырады да қалды. Жо-жоқ, оны таң-тамаша қалдырған зәулім сарайдың алтынмен аптап, күміспен қаптап қойған көз суарарлық сұлу да сымбатты көрінісі мен қымбат жиһаздары емес еді.

Қарсы алдында үріп ауызға салғандай келісті келіншек тұрды. Япырай, мынадай да сұлулық болады екен ғой, гүлді халатының алдыңғы өңірі сәл ғана ашық қалыпты да, қос алмасы серіппедей сыртқа теуіп тұрған келіншектің мойылдай қарашығына тұсалды да қалды.

 

   Жұмабай Шаштайұлы

Қара базардың бүгiнгi Арынғазы атты миллионерi қараңғы түнде шырт ұйқыда жатқан жерiнен шошып оянды.

Тұсындағы жiбек шатырлы шамдал шамның түймесiн басып қалғанда-ақ жарқ ете түскен жарыққа көзi шағылысты. Қыбылаға қарата тұмсығымен шаншыла iлiнген қасқырдың көзiнiң орны бiрталай аралыққа жырылып, тап сол жердiң қылшықтарына тұзды қақ тұрып қалғандай айғыздана ағараңдайды. Арынғазы қасқыр көзiнiң орнындағы мұншалықты жырыққа бұрын зер салып қарамағанына таң бола, аңырып қалды. Егер ашып қалса жыртқыштың жанарымен ұшырасатындай тұла бойы тiтiренiп өттi.

 

Гүлжан Амангелдіқызы

-Шіркін, ол келіп: «Мен сені сүйемін десе ғой!».

 Шара өз қиялына елтігендей көзін жұмды. Кенет есіне бір нәрсе түскендей атып тұрды да, қасындағы құрбысына жалт қарады. 

– Бақыт деген не?

 

   Ниязымбет Гауһар

Жаздың жайма-шуақ керемет күндері еді. Ұзын бойлы Ермек биыл сегізінші сыныпты аяқтап, жазғы демалысқа шықты. Оның әкесі жекеменшік саяжайда бағбан болып жұмыс істейді. Кешке үйге келген әкесі оған кешкі аста ертең жұмысына ертіп баратынын, жеміс жинауға қолғабыс ететінін айтты. Түні бойы Ермек ертең бақшаға баратынын ойлап, көз ілмеді.

– Ертең саяжайға еріп барасың. Жеміс жинап, көмектесетін адам керек.

 

– Ертең саған барып жолықсам, өте тығыз әңгімем бар. Бір сағат­тай уақытыңды қи, – деді баяғыдағы университет­тегі ұстазым. Дауысы зілді.

– Келіңіз, аға, күтемін, – деп елп ете түстім.

– Сағат он бірде сенде боламын, – деді де телефонын өшіре салды.