Ерболат Досаев Президент Әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

 

  el24.kz Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметін атқарған Ерболат Досаев лауазымынан босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес:
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта кадрлық өзгерістің себептері нақты көрсетілмеген. Сондай-ақ Досаевтың алдағы қызметіне қатысты ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Ерболат Досаев әр жылдары еліміздің қаржы-экономикалық саласында және мемлекеттік басқару жүйесінде түрлі жауапты қызметтер атқарған.

Осы тағайындауға байланысты өзге кадрлық шешімдер болса, олар туралы қосымша ақпарат берілуі мүмкін.

Астана қаласында пробация есебіндегі азаматтарға жұмыс жәрмеңкесі өтті

                  фото ашық дереккөзден

  el24.kz  Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы пробациялық бақылауда тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Іс-шара Еңбек мобильділігі орталығының базасында өтті.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – сотталған азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, оларды қоғамға бейімдеу және қайта құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шара аясында қаланың ірі кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері шақырылып, өздерінің бос жұмыс орындары мен еңбекке орналастыру шарттарын ұсынды.

Қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей тілдесіп, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алып, үміткерлерге қойылатын талаптармен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша 16 азаматқа әрі қарай жұмысқа орналасу үшін жолдама берілді.

Сотталған азаматтарды әлеуметтік бейімдеу және қайталама қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Ленинград облысындағы жанжал: ҚР СІМ ресми түсініктеме берді

 

  el24.kz Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Ленинград облысында қазақстандықтардың қатысуымен болған жанжалға қатысты ресми түсініктеме берді.

ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетыбаев мәлім еткендей, оқиға 2026 жылғы 26 наурызда Ленинград облысы аумағындағы Усть-Луга вахталық кентінде болған.

Министрлік дерегінше, жанжал тұрмыстық сипатта өрбіген және оған Қазақстан азаматтары да қатысқан.

«Оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау мақсатында Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары тиісті процессуалдық шараларды, соның ішінде жанжалға қатысушыларды ұстау әрекеттерін жүргізді», — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қазақстанның құзырлы органдары жағдайды бақылауда ұстап отыр.

ҚР СІМ азаматтарға шетелде жүрген кезде жергілікті заңнаманы қатаң сақтауды және кез келген даулы жағдайдан аулақ болуды ескертті.

Астана прокуратурасы «Qyran» тұрғын үй кешені бойынша істі сотқа жолдады

 

   el24.kz Астана қаласының прокуратурасы «Qyran» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді екі рет сату дерегі бойынша қылмыстық істің сотқа жолданғанын хабарлайды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалар құрылыс компаниясының қызметкерлері бола отырып, «Qyran» тұрғын үй кешенінің пәтерлерін екі рет сату арқылы азаматтарды алдағаны анықталды.

Тергеу мәліметінше, олар International Invest Company IIC ЖШС-нің атынан әрекет етіп, жылжымайтын мүлікті сату сылтауымен азаматтарға пәтер макеттерін, техникалық паспорттарды және өзге де құжаттарды көрсеткен.

Сондай-ақ, тұрғындарға пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды және автотұрақ орындарын нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алу ұсынылған.

Алайда сатып алу-сату шарттарын ресімдеудің орнына күдіктілер мемлекеттік тіркеуге жатпайтын брондау шарттарын, кепілге беру туралы келісімдерді және алдын ала шарттарды жасаған. Алданған азаматтар төлемдерді күдіктілердің жеке шоттарына аудару арқылы немесе қолма-қол ақшамен жүргізген.

Компания қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің салдарынан келтірілген жалпы шығын көлемі 8 млрд теңгеден асты.

Сот санкциясымен жалпы сомасы 7,4 млрд теңгені құрайтын жылжымайтын және жылжымалы мүлікке тыйым салынды.

Қазіргі таңда үш күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, ал төртінші күдіктіге «кепіл» түріндегі шара таңдалды.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

 

Перизат Қайратқа тиесілі көлік сатылымға шығарылды

 

  el24.kz Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қара түсті Mercedes-Benz S450 автокөлігін сатуға шығару туралы хабарландыру жариялады.

Аталған көлік 10 жылға сотталған Перизат Қайратқа тиесілі болған.

Ресми мәліметке сәйкес, сауда-саттық 7 сәуір күні сағат 10:00-де басталады. Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі – 777KPK01.

Жинақта Pandora сигнализация жүйесі бар кілт қарастырылған. Сонымен қатар, көліктің аккумуляторы отырғаны хабарланды.

Автокөліктің бастапқы құны 79 415 000 теңге болып белгіленген.

Қазіргі уақытта көлікті тек мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын ретінде тіркелген заңды тұлғалар ғана сатып ала алады. Егер аталған кезеңде көлік өтпей қалса, онда лот барлық ниет білдірушілер үшін ашық сатылымға шығарылатын болады.

Перизат Қайратқа тиесілі көлік сатылымға шығарылды

 

  el24.kz Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қара түсті Mercedes-Benz S450 автокөлігін сатуға шығару туралы хабарландыру жариялады.

Аталған көлік 10 жылға сотталған Перизат Қайратқа тиесілі болған.

Ресми мәліметке сәйкес, сауда-саттық 7 сәуір күні сағат 10:00-де басталады. Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі – 777KPK01.

Жинақта Pandora сигнализация жүйесі бар кілт қарастырылған. Сонымен қатар, көліктің аккумуляторы отырғаны хабарланды.

Автокөліктің бастапқы құны 79 415 000 теңге болып белгіленген.

Қазіргі уақытта көлікті тек мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын ретінде тіркелген заңды тұлғалар ғана сатып ала алады. Егер аталған кезеңде көлік өтпей қалса, онда лот барлық ниет білдірушілер үшін ашық сатылымға шығарылатын болады.

Танымал  телерадио жүргізушісі   Аман Тасыған, жаңа жобасына"Қалаулымдағы"  Замираны  алып шығу себебін,анайы сұрақты не үшін қойғанын айтып берді.

Жаңа –жылдан бастап  жаңа жоба,жаңа канал- "Talk Like AMAN  TASYGANMEN" көрерменге жол тартты.Бұл қандай жоба?

- Біз мойындамауға тырысып бақсақ та,ғаламтор ғасырында өмір сүріп жатырмыз.Сондықтан ғаламторды қолданушылар әзір өте көп.Телеарна немесе радио арқылы шығып жатқан сәтті бағдарламаларды жастар арнадан емес,ғаламтордан қарайды.Сол себепті ғаламтор қолданушыларына арнап,қалтамнан қаражат шығарып «TALK LiKE» жобасын ұсынуға кірістім.Әзіргі уақытта жастар елге еңбегі сіңген,әдебиетте, өнерде,спортта тер төккен ағаларымызды танымай жатқан кезде өкінесің.Ал, аға буын жастардың үздіктерін мойындамайды және танымайды.Буын арасындағы алшақтықты жақындату мақсатында осындай қадамға барғым келді.Жоспар бойынша жобаның басы қатты,аяғы сәтті әрі тәтті болады.

  Бірінші қонағыңызға «Қалаулым»да жүрген Замираны не үшін  таңдадыңыз?

 -Алғашқы қонақ Замира болуының себебі.Мойындайық, мойындамайық әзіргі қоғамға Замираның немесе Замира секілді сұлулардың өмірі қызық болып тұр.Замираның көрермені келесі қонақтарымдікінен көп.Алдымен аудитория жасақтап алмасақ,жақсы жігіттер мен қыздардың ақылды әңгімелері ауаға кетіп қалады.Сондықтан алғашқы қонақ Замира сұлу болды.Жалпы Замирада жаман қыз емес.

 

-Бұл жүйелі жасалған  қара пиар ма?Замира сияқтылардан «мега жұлдыз» жасау,көпшіліктің  наразылығын тудырып жатыр.Сіздің айтар жауабыңыз?

- Бұл жүйелі әрі жоспарлы түрде жасалып отырған қадам.Замира маған дейін жұлдыз болған ару.Мен радиода алты жыл,телеарнада төрт жыл бағдарламаларды жүргізсем де, жарты жыл жұрт алдында жүрген Замирадай танымал емеспін.Келер апталардағы ойлары орамды меймандарымда Замирадай аса қатты танылған жандар емес.Сондықтан сәтті шыққан пиар болды деп бағамдаймын

 

- Замираны алып шығуда қандай мақсат көздедіңіз?

- Ол кім? Деген сұраққа жауап іздедім

 

-Тосынан қойылатын сұрақтар арқылы ,кейіпкерді ойлануға мұршасын келтірмей,барынша шынайы  келбетін ашу ма ?Әлде ешкімге ашпаған жан сырына үңілу ме?

- Құпиясын қопару басты мақсат емес,құпиялары қолға түсіп жатса тіпті жақсы.Адаммен адам секілді әңгімелескім келеді.Көп жағдайда телеарна немесе радиоға барған кезде көп  жандар қысылып қалып жатады.Жан жағыңнан төнген техника мен түнерген телемамандардың алдына жақсы жандар ашылғысы келмейді.Ал мұнда емен жарқын көңіл күй мен шынайы әрі анайы әңгіме бар.

 

-Өзіңіз айтпақшы «ұятсыз сұрақтар »қою арқылы халықтың көз –қарасын өзгертіп алудан қорықпайсыз ба?

- Елдің бәрі мені жақсы көруге міндетті емес.Мен ешкімге ренжімеймін,өйткені пікірі бар адамды құрметтеймін.Олар батыл адамдар.Негізі пікірі жоқ жандар қауіпті.Менің жақсы жағымды көргісі келетіндер болса мемлекеттің ақшасына жасап жатқан телеарна мен радиодағы еңбегімді көрсін.Егер мені жек көргісі келетіндер болса ютуб арнасындағы қалтамнан шыққан қаражатқа әзірлеген бағдарламаларымды қарасын.Құрметті көрермендер мен тыңдармандар ешқашан саналарыңызда пендеден періште жасамаңыздаршы.Әнші,спорты,жазушы,актер,журналист біздер бәріміз боқ көтерген пенделерміз.Жақсы жағын жарнамалап,жаман жағын жасырып жүрген мықтылар өте көп,мен олардай екі жүзді болғым келмейді.Қарапайымдылық пен шынайылық менің қанымда бар қасиет

-Сұхбатымызға  уақыт тауып   жауап бергеніңіз үшін көп рақмет

Сіздерге рақмет.Ақ қарасын анықтауға тырысатын журналистер аз қалды.Көбі шала ақпаратты таратуға асығып жүрген әріптестерім.Шеттеріңізден, сүйдім беттеріңізден!Жұмысыңыз  жемісті болсын.