Қазақстан азаматы Мұқамет Қызырбекұлының Құдай қосқан қосағы Аманжол Қисақызы үш айдан бері Қытайдың Үрімжі қаласындағы “Саяси тәлім-тәрбие орталығы” деп аталатын лагерде қамауда отыр.

Мынау видео “мен қазақпын” дейтін әр азаматтың көзінен жас шығарары сөзсіз. Бірақ, көзімізді жасқа шылап отыра бермекпіз бе?

Анасын сағынған сәбилердің зарын естір құлақ табылар ма, деп жазады Abai.kz.

Саясат – саясатымен. Солай екен деп мынандай бүлдіршін балаларды зар қақсатып қою – тәуелсіз қазақ еліне сын.

Қытай қазақтарының басына қара бұлт үйірілді. Осындай сәтте қазақтың мемлекеті қазақ азаматтары сүлесоқ кейіпте отыруы “қазақтың қайғысын өз қайғым” деп білмеуі бізді өкіндіреді.