АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақтау-Бейнеу» автожолында қаза болған 7 адамның 6-ауы Өзбекстан азаматтары болып табылады. Бұл туралы Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 1 наурыз күні «Ақтау-Бейнеу» автожолында «Shacman» маркалы жүк көлігі мен «LADA Largus» соқтығысты. Салдарынан жеңіл көлікте болған 6 жолаушы мен оның жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. «Олардың тұлғалары анықталу үстінде. Алдын ала ақпарат бойынша, ажал құшқандардың барлығы Өзбекстан азаматтары болып табылады», - деп атап өткен болатын Ақтау облыстық Ішкі істер департаментінен.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланғандай, мерт болғандардың 6-ауы сол елдің азаматтары болып табылады.
«Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшілігінен түскен ақпаратқа сәйкес, 1 наурыз күні сағат 06.00-де Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында, «Ақтау-Бейнеу» күре жолында Ақтау қаласы - Бейнеу ауданы бағыты бойынша бет алған мемлекеттік нөмірі 90 S 830 JA «LADA Largus» пен мемлекеттік нөмірі 737 DPA/12 «Shacman» жүк көлігі соқтығысты.
Жол апаты салдарынан өрт болып, алдын ала мәлімет бойынша 7 адам қаза болды. Олардың 6-ауы Өзбекстан Республикасының азаматтары болып табылады. Аталмыш факті бойынша тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген
Елшілік ақпаратында. Көлік оқиғасына орай Өзбекстан ТЖМ-де ((+998 71) 147-10-50) және Қазақстандағы Өзбекстанның дипөкілдігінде (+7 777 218-20-10 и +7 727 291-06-44) шұғыл желілер ашылды.
Кейін мәлім болғандай, екі елдің Ішкі істер министрліктері жүргізген бірлескен шаралардың нәтижесінде «Лада Ларгус» көлігінде болуы мүмкін Өзбекстанның алты азаматының аты-жөндері анықталды.
Дереккөз: inform.kz