Қырғызстанның мемлекеттік тіркеу қызметінің мәліметінше, ондай некелердің он бірі Первомайский, Ленинский және Октябрьский аудандарында тіркелген, бесеуі Бішкектегі Свердловский ауданында. Неке қию сарайында 112 жұп тіркеуге тұрды. Ош қаласы мен Ош облысы бойынша – 16, Абад облысы – 4, Шу облысы – 21, Есік көл облысы – 3 және Нарын облысында – 1.
Естеріңізге салайық, 2017 жылдың басында халық қытайлыққа тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздарының саны артып жатыр деп дүрліккен еді. Көп ұзамай қытайлықпен некеге тұрғандардың саны халық ойлағандай көп емес екені анықталды.