«Павлодар онлайн» сайты оқырмандарының бірі мемлекет химиялық кастрацияны қолдану аясын заңдық тұрғыда кеңейтіп, алимент төлемейтін, әйелдерге зорлық-зомбылық жасайтын еркектерді де піштіріп тастау керек деп есептейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Солай деген Павлодар тұрғыны педеофилдерге арналған дәріні «ас үйдегі боксшыларға» егуді ұсынды.
«Ол дозасына қарай белгілі бір уақыт қана әсер етеді емес пе, дұрыс түсіндім бе?
Әйеліңді ұрдың ба, жарты жыл белсіз жүресің! Тағы қол қөтерсең, тағы бір жыл еркек болмай жүре тұр.
Бұлай жалғаса бермейтініне сенімдімін: бір рет дәрі егілгеннен кейін-ақ қол жұмсауды мүлде қояды», — деп жазды Севырина.
Сондай-ақ ол мұндай шараны зорлықшылар мен алимент төлемейтін әкелерге де қолдануды ұсынды.
«Баланы жалғыз өсірудің машақатын жеке тәжірибемнен білемін, әкеміз жұмысы жоқтығын сылтауратып жылдар бойы бір тиын да төлемейтін.
Егер ер азамат тастап кеткен баласын баға алмаса, кешіріңіз, оның тағы бала тудыруға қақы жоқ екені сөзсіз!
Борышкерлерді кастрация жасаймыз деп қорқытып, толық қарызын төлеуге бір тәулік беру керек:
уайым жеген әкетайлар сол заматта ақша табады! Алайда алиментті тағы да кешіктірсе – айып етпесін.
Билік менің ұсынысыма құлақ асады деп үміттенемін!» — деп жазды әйел.
Бұл хат әлеуметтік желіде үлкен дау тудырды. Оқырмандардың пікірі екіге жарылды: ер азаматтар тым қаталдық танытқан авторды айыптаса, көптеген әйел бастамаға қолдау білдірді.
2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстанда педофилдерді химиялық кастрация жасау туралы норма енгізілді.