Желіде белгісіз ер адам жастық ішінен шыққан «масондардың чипі» туралы айтып қорқытқан видеосы тарап кетті. 

 
    Видео кадрларында белгісіз ер адам жастықты жыртып, ішінен төртбұрышты, қалың қағаз алып шығып, оны масондар жасырып қойған «чип» деп атайды. Автордың пікірінше, бұл чиптер адамның миына әсер етіп, қатерлі ісікке шалдықтырады екен. 
    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жастықтың ішіндегі заттың «чип» емес, кәдімгі ұрлыққа қарсы заттаңба екенін мәлімдеді. Бұл заттаңба дүкендегі заттың ақысы кассада төленгеннен кейін істен шығады. Ал дүкеннен ақысы төленбеген тауарды алып шықпақ болған жағдайда, ескерту дабылы беріледі.