Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ақшатау ауылының тұрғыны,төрт баланың анасы Мәдина Нұрмағамбетова Наурыз мерекесі күні Нива көлігін бір өзі сүйреді.

    Тақалы етігімен ерлік көрсеткен балабақша тәрбиешісінің ісі көпшілікті таңқалдырды. Ақтөбе облысының шалғай ауылында тұратын Мәдина Нұрмағамбетова балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді. 

 
 Әлеуметтік желіге тарап кеткен видеоны көрген адамдардың кейбірі қарсы шықса, кейбірі «алып анадан туады» деп қолдау білдірді. 
 
Дереккөз: 
ҚазАқпарат