Өзінің бұл әрекетін 62 жастағы Людмила халық санын көбейтуге атсалысқысы келгенімен түсіндірді.
"Мен өз ісіме өкінбеймін. Сіз біздің жігіттердің қаншалықты әлсіз екенін білесіз бе? Олардың барлығы ішімдікке құмар. Ал шетелден қандай керемет жігіттер келді. Өте сымбатты. Сұңғақ бойлы, өте келбетті азаматтар. Олар өз ләззаттарын ала берсін. Есесіне біздің келесі ұрпақтарымыз сұлу да сымбатты болады.
Тағы бір айтарым, қыздарға жүкті болған пайдалы. Олар түнде жүруді азайтып, ана бақытын сезінеді", - деп ағынан жарылды ресейлік қария.
Айта кетейік, Людмиланың өзі 1980 жылдардағы олимпиададан соң егіз баланы дүниеге алып келген екен.