Омбы тұрғыны бес жыл бойы туған қызын зорлап келген.
Қыз әжесі мен анасына әкесінің қылығы туралы тіс жармаған. Бірақ шыдамы таусылып, құрбыларына жасырмай айтқан.
Омбы тұрғыны туған қызын зорлағаны үшін қатаң тәртіптегі колонияға 13 жылға сотталды. Бұл туралы РФ аймақтық ТК хабарлайды.
Тергеу комитетінің мәліметінше, әкесі қызын 2012 жылдан бері зорлап келген. Ол кезде қызының жасы небәрі 12-де болған.
2017 жылдың тамыз айында әкесінің қылығы әшкере болды. Қызы шешесі мен әжесіне қорыққандықтан қаймығып, еш нәрсе айтуға батпаған.
Бірақ 2017 жылдың күзінде көрген қорлықтарымен колледже оқитын құрбыларымен бөліскен. Бұл жайлы кейінірек ұстаздары біліп, олар полицияға хабарлады.
Тергеуге алынған әкесі зорлағанын жасырмай, бірақ қызы тек 16 жасқа толғанда ғана тиіскенін айтады. Ол өз кінәсін мойындап, "қызым өзі жабысып, мені осындай іске ұрындырды" деп отыр.