Сот шешімі негізінде пациентті химиялық жолмен піштіру туралы алғашқы өтінім түскен

Қазақстанда педофилді химиялық жолмен піштіру туралы алғашқы шешім шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап педофилдерді химиялық жолмен піштіру туралы заң күшіне енген еді. 

"Биыл 1 қаңтарда денсаулық сақтау министрінің химиялық кастрацияны қолдану ережелері күшіне енді. Оған сәйкес сот шешімі негізінде кастрация шаралары жүргізіледі. Республикалық бюджеттен қаражат қарастырылды. Бүгінде сот шешімі негізінде химиялық жолмен піштіру туралы бір өтінім келіп түсті", — деді Ақтаева үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Баланы зорлап, өлтірген үш азғын халық алдында жазаланды

Вице-министр химиялық кастрация республиканың қай өңірінде жасалатынын айтудан бас тартты. Оның айтуынша, химиялық піштіруге 9 миллионнан астам теңге бөлінген. 

"Алғаш рет химиялық кастрация жасауға өтінім түсті. Екі мыңнан астам инъекцияға қаржы бөлінді", — деді ол.


sputniknews.kz