Ақтауда электромобильмен ойнақтап, көңіл көтерген полицейлер жұмыстарынан қуылды. Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті қызметтік тексеріс нәтижелерін жариялады.

«Екі полицей тәртіптік жазаға тартылып, жұмыстарынан босатылды», – делінген ресми мәлімдемеде. Еске салайық, әлеуметтік желіде қос полицейдің су жағасында қызметтік электромобильмен ойнақтап жүрген видеосы жарияланған еді. Мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізілген болатын.

 

24.kz