Қылмыс жасағандарды фото, видеоға түсіріп, табыс табуға болады. Ішкі істер министрлігі жедел ақпарат жеткізгендерге ақша төлемек. Ол үшін көшеде, қоғамдық орындарда заң бұзушылық байқасаңыз, ұялы телефонға түсіріп полицияға жіберу қажет.
Сондай-ақ, Қалмұханбет Қасымов министрліктегі басшыларды жаппай қысқартпақ. 450 лауазымды қызметкерді жұмыстан босатып, миллиардтаған қаржы үнемдемекші.
Ішкі істер министрлігі әзірлеп жатқан мобильді қосымша іске қосылса, қарапайым адамдар қырағы қоғам сақшысына айналмақ. Өйткені Қалмұханбет Қасымов заңбұзушылықты жедел жеткізгенге ақы төлейміз деп қызықтырып отыр.
Ішкі істер министрлігі әзірлеп жатқан мобильді қосымша іске қосылса, қарапайым адамдар қырағы қоғам сақшысына айналмақ. Өйткені Қалмұханбет Қасымов заңбұзушылықты жедел жеткізгенге ақы төлейміз деп қызықтырып отыр.
Мәселен, тыйым салған жерде темекі тартқан адамды байқасаңыз фото, видеоға түсіріп, полицейлерге жібересіз. Егер күдіктінің айыпты екені дәлелденсе, 7 мың 212 теңге айыппұл салынады. Оның 3 мыңға жуық теңгесі куәгерге сыйақы ретінде беріледі.
Қалмұханбет Қасымов, Ішкі істер министрі: -Айыппұлдың 50 пайызы мемлекетке түседі, 40 пайызы заңбұзушылық жайлы хабар берген адамға беріледі де, 10 пайызы мобильдік қосымшаны жасап шыққан компанияға тиісілі болады. Ал азаматтардың 78 пайызында ұялы телефон бар. Бұл әдісті АҚШ, Канаданың тәжірибесінен алдық. Сондай-ақ, Қасымов лауазымды қызметкерлерді қысқартпақ. Ішкі істер министрлігіндегі және аймақтардағы департамент, бөлімшелерде отырған басшылардың талайы жұмыстан кетеді. Қалмұханбет Қасымов, Ішкі істер министрі: -Тергеушіні, учаскелік полиция қызметкерлерін қысқартпаймыз. Министрліктің орталық аппараты мен аймақтардан 450 басшыны жұмыстан босатамыз. Сонда 16 миллиард теңге үнемеледі.
Артылған ақшаны қызметкерлердің жалақысын көтеруге жұмсаймыз. Негізі, еуропалық талапқа сай, 100 мың адамға 300 сақшы жетеді. Сенат спикері министрге сандардың соңына түсудің қажеті жоқ деп ескерту жасады. Тоқаевқа Қасымовтың «полицейлерді қысқартамын» деген жоспары ұнамай қалған сынды. Қасым-Жомарт Тоқаев, Сенат төрағасы: -Рейтинг, индекстің соңына түсудің қажеті жоқ. Жаңа сіз: «100 мың адамға 373 сақшы болады» дедіңіз. Бұл мәселені мұқият қараңыздар. Дамыған Швейцарияның өзінде 5 жыл бұрын полицейлер жетіспей қылмыс көбейіп кеткен еді. Қазақстанның да геосаяси қауіпті аймақта тұрғанын ескеру керек. Енді сақшылардың жалақысына келсек.
Патрульдік полицияның еңбекақысы 65, тергеушілердің табысы 55, учаскелік сақшылар 25, қалғанының айлығы 20 пайызға өседі. Және дәл осы қызметкерлерге баспана жалдау үшін өтемақы да төлеу жоспарланған. Ол үшін 8 миллиард теңге бөлініпті. -Ал департаменттер пен бөлімдердің қысқартуға ілінген 450 лауазымды қызметкерлері қайда барады?
Ол жағы нақтыланған жоқ. Сондай-ақ, полицейлер мемлекеттік, стратегиялық 748 нысанды күзетуден бас тартпақшы. Бұл жерден де босаған 4 жарым мың сақшының қайда орналастыны белгісіз. Жалпы құқық қорғау саласындағы реформа 2021 жылға дейін жүзеге асуы тиіс деді Ішкі істер министрі.
ktk.kz
ktk.kz