Алматыда Розыбакиев пен Есқараев көшелерінің қиылысында ірі жол апаты болды.
Жол апаты түнде Розыбакиев пен Есқараев көшелерінің қиылысында болған. Toyota көлігі Lexus-тің бүйірінен соққан, соңғысы қатты соққыдан жолда айнала бастайды, автокөлік жарықтандыру бағанына соғылып, жүз метрдей жерге ұшып түсіп, тоқтайды.
Қазіргі таңда Алматы қалалық Полиция департаменті ҚР ҚК 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жол апатынан 27 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмса, 28 жастағы ер адам ауруханада қайтыс болды. Жарақат алған тағы екі жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды.