Елімізде 5G жоғары желілік интернет облыс орталықтарына төрт жылдан кейін бір-ақ жетеді. Бүгін Цифрлық даму министрі жылдамдығы жоғары ғаламтордың елімізге қалай енгізілетінін айтып берді.
Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, 5G алдымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент секілді ірі қалаларда 2021 жылдап бастап пайда болады.
Кейін 2023-ші жылы аймақтарға таратыла бастайды. Онда қазір үш мыңнан астам ауыл интернетсіз отыр. Министр оларға ғаламтор тарту үшін спутниктерді пайдаланамыз дейді. Бірақ ауыл-аймаққа 5G енгізгенді қойып, Елорданың кейбір жерінде 4G ұстамайды деп шағымданушылар көп. Бірақ, министр бұл мүмкін емес деп отыр. Асқар Жұмағалиев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі: - Мынаны қараңызшы H+ болып тұр.
- Астанадағы ғимаратта 4g ұстамай тұр.
- Қалай ұстаймайды?
- Ұстамайды. Таңертеңнен бері.
- Бәрімізде Н+. Ұстамайды.
- Міне, менде 4g ұстап тұр.
- Сонда сізде ерекше байланыс па?
- Ерекше емес. Ол мүмкін емес.
ktk.kz