2017 жылдан бері Алматыда 10 адам жыныс ауыстыруына байланысты жаңа куәлік алған.

Мұндай статистиканы Алматы қаласы Әділет департаментінің ресми өкілі Әсемгүл Батыргереева келтіріп отыр.

Оның айтуынша, жынысын өзгерткен 10 адамның ішінде төрт ер адам жынысын - әйелге, алты әйел ер адамға ауыстырды. Сондай-ақ, департаменттегілер жыныс ауыстырғандардың құжат алу тәртібін айтып өтті. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 257-бабының 13-тармағында жыныс ауыстыру тәртібі көрсетілген.

Жеке куәлікті ауыстыру үшін АХАЖ бөліміне барып, жыныс ауыстырғаны туралы акт толтыру қажет», - дейді Батыргереева. Оның айтуынша, жыныс ауыстырғанда жаңа құжат алу уақыты әдеттегі құжат алу уақытымен бірдей.

«Тіркелген кезде толық дербес деректер тіркеуге дейін және тіркеуден кейін көрсетіледі. Сонымен қатар, АХАЖ бөлімшелері адамның жеке деректерін өзгертуден бас тартуға құқылы емес», - деді Әсемгүл Батыгереева.

 ktk.kz