Білім және ғылым министрлігі қосымша тексеру жұмыстарын жүргізе келе, 5 жоғары оқу орнының лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Білім және ғылым министрлігі қосымша тексеру жұмыстарын жүргізе келе, 5 жоғары оқу орнының лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.



"Қазір біз ЖОО-ларда қосымша тексеріс жүргізіп жатыр. Сол тексерістің нәтижесі бойынша біз шешім қабылдадық, тағы бес ЖОО-ның лицензиясын тоқтатамыз. Заң бойынша ол ЖОО-дар бұл шешімге он күн ішінде шағым түсіре алады.

Сондықтан да бізге қазір уақыт керек, шамамен 10 күндей. Сол уақытты күтеміз. Шағым түспесе, нақты қай ЖОО-дардың лицензиясы тоқтатылғанын айта аламыз", - деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ, министр оқу орындарында қандай олқылықтар болатынын да тілге тиек етті. "Жалпы ЖОО бойынша проблемалар жеткілікті. Анықталғандай, 1 курсқа 5 студент қабылданса, 4 курсты 150 студент бітіріп шығады.

Демек 2,3 курстарда жауапсыз университеттер оқудан шығып қалған студенттерді қабылдайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз ЖОО-на деген талапты күшейттік және жоғары білім беру саласын реттеудің жаңа механизмдері енгізілетін болады", - деді Асхат Аймағамбетов министрлікте өткен баспасөз мәслихатында. Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда 5 университеттің лицензиясы тоқтатылғаны туралы жазған болатынбыз. 

.
 ktk.kz