"Астарлы ақиқат" бағдарламасына сұхбат беріп, өзіне жалдамалы әке іздейтінін айтқан Назым Осака елді таңғалдырды.
 
42 жастағы келіншектің ата-анасы бес жасында ажырасып кеткен. Кейін әкесі 20 жасында қайтыс болған. Келіншек сол себепті әкенің мейіріміне зәру болып өскенін айтады. Ал өзі жапон жігітіне тұрмысқа шығып, жиырма жыл Жапонияда тұрып, соңғы жылдары елге оралған. Өзінің екі қызы бар екен. 
 
"Маған әке болатын адамның отбасы болуы керек. Мен аптасына бір-екі рет барып тұрамын. Мені жылы қарсы салып, маңдайымнан иіскеп, басымнан сипауы шарт. Маған ақыл-кеңес беріп отыруы керек. Осы қызметі үшін айына 300 мың төлеймін"-дейді келіншек. 

Бұған студия қонақтары мен желі қолданушылары түрлі пікір білдіруде. Дегенмен студияға оған әке болуға дайын екі ер адам келген. Келіншек олардың біреуін де таңдаған жоқ. 

Дереккөз: Reactor