Саяси кеңес бюросы отырысынан кейін шамамен екі аптадан соң партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болады

 Елордада 5 наурыз күні тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысын өткізеді. 

Ал 18 наурыз күні саяси кеңестің кеңейтілген отырысы болады.

Назарбаев мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігін тоқтатқан соң Nur Otan партиясының төрағасы лауазымын сақтап қалған болатын.

Саяси кеңес бюросы немен айналысады

Саяси кеңес бюросы - партияның жетекші органы.

Ол өзекті әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелерді қарастырады.

Сондай-ақ, саяси кеңес бюросы мәжілістегі депутат фракциясын құрайды.

Отырыс қай уақытта өткізіледі

Партияның саяси кеңесі бюросының отырысын партия төрағасы немесе оның бірінші орынбасары шақырады. Отырыс саны үш айда бір реттен аз болмауы керек. 

Мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, отырыс өтті деп саналады. 

Партия саяси кеңесі бюросы өкілеттігінің мерзімі - төрт жыл.

 

18 наурызда Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда партияның 2020 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланады.



Дереккөз : Sputnik