Ақтауда жол-көлік оқиғасынан ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
«Оқиға 15-16 наурызға қараған түні 32 «Б» және 35 шағын аудандардың арасындағы тас жолда болған. Өкінішке орай, 1957 жылы туған ер азамат оқиға орнында көз жұмған», - дейді МО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов.