Сауда орындарының және мейрамханалардың жұмыс уақытына да шектеу қойылды.

Барлығы коронавирус қаупіне байланысты. Қазірдің өзінде сауда орталықтарына баратын адамдардың қатары сиреген. Қауіпсіздік шаралары кәсіпкерлердің қалтасынан қағары сөзсіз, бірақ талапты орындау – міндет.  

Сауда кешенінде 300-ден астам орын жалға беріледі. Коронавирус қаупіне байланысты қазірдің өзінде келушілердің саны төмендеп кеткен. Сәйкесінше, кіріс те азайды. Ал егер де қауіп қанатын жайса, сауда кешені жұмысын тоқтатады.

Онда бәленбай адам жұмыссыз қалады. Ал бұл жерде 10 мыңдай адам жұмыс істейді. Айына миллионның айналасында адам келіп-кетеді екен.

Сондықтан залалсыздандыру жұмыстарына ерекше мән берілген. Төтенше жағдай режиміне байланысты, мұндай сауда кешендері сағат 10-нан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді.  Қанат Төлеубаев,

Сауда кешенінің директоры: - Келушілердің саны кешегі күнмен салыстырғанда 46-47 пайызға төмендеді.

Ертеңнен бастап сағат 10-да ашыламыз, сағат 18-ге дейін жұмыс істейміз. Ірі орталықтарға келетін адамдарда міндетті түрде бетперде болуы тиіс. Болмаған жағдайда, сауда кешені қамтамасыз етуге міндетті. Мейрамхана жұмыстарына да уақыт шектеуі енгізілуде.   Ерлан Бекмырзаев, Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы: - Мейрамханаларда бір уақытта 50-ден астам адам шоғырланбауы тиіс. Әрі олардың жұмысы тек түнгі 10-ға дейін жалғасады. Бұл шектеу, өткізілетін тойларға да байланысты. Талапты орындамаса, әуелі мейрамхана иесі жауапқа тартылады. Ел көлемінде енгізілген төтенше жағдай режимі мейрамхана бизнесіне де айтарлықтай кері әсерін тигізбек. Тіпті кейбір кәсіпкерлер шығынды азайту үшін қызметкерлер санын қысқартуға мәжбүр. Владимир Прокопенко, мейрамхана иесі: - Бұл ережелердің барлығын сақтайтын боламыз. Әрине, уақыт шектеуі біздің табыс көлеміне де кері әсерін тигізейін деп тұр. Барлығы уақытша деп ойлаймыз. Талаптарды сақтамасақ болмайды. Ал азық-түліктік емес сауда кешендерінің жұмысы күндізгі 11-ден кешкі 17-ге дейін шектелді. Әрі залалсыздандыру жұмыстарына ерекше талап қойылып отыр. Үлкен кешендерде бұл жұмыстарын күніне кемі екі рет өткізу шарт.

ktk.kz