Түлкібастық кәсіпкер қоғамдық орындарда 2000 дана бетперде таратты.

Елімізде көмекке зәру жандарға жәрдем беруге асығатын жандардың қолдауымен өтіп жүрген сауабы мол істер саны күннен-күнге артып келеді.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, жақсылық ешқашан да елеусіз қалмайды.

Қай күні болмасын, жақсылығың өзіңе қайтып келері анық, тек оны міндетсінбесең болғаны.Осыны ұғынған түлкібастықтар жақсылық жасаудан жалыққан емес.

Соның бірі аудандық "Сауыткүл апа" жеке балабақшасының меңгерушісі Мырзалиева Жансая есімді жеке кәсіпкер төтенше жағдай кезінде қайырымдылық танытуға белсенді түрде кірісті.

 

Бірінші кезекте кәсіпкер өз қаражатынан 2000 дана бетперде тіккізіп, аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын орталық базар аумағы мен азық-түлік сататын сауда орталықтарына еріктілердің көмегімен таратты.

 

Мемлекет басшысы биылғы жылды «Еріктілер» жылы деп бекітуіне байланысты табиғаты шұрайлы Түлкібас ауданында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен еріктілер тарапынан іске асып жатқан әр бір игі іс халықтың қолдауына ие. Аудандағы жомарт жандардың қатарының артуы оның айқын дәлелі деп білеміз.

 

#BizBirgemiz

#stopcovid19_Turkistan