Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы коронавирусқа қарсы қадам ретінде маскалар тігуді бастады. Маскаларды аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларға тегін тарату көзделуде.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында коронавирустың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясына өңірдегі меценаттар, «Жаңғыру жолы» ЖҚ белсенділері және волонтерлер қолдау білдірді.
Облыстық ҚХА мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, волонтерлер, «Бітім» медиация орталығы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері бүгінгі таңнан бастап мата алып, оны өз күштерімен тігуде.
Облыстық ҚХА мүшелері күніне 500-ден астам медициналық маска тігіп, оны тарату үшін бірлесіп, белсенді жұмыс жасауда.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызмет