Ақтауда коронавирус жұқтырған 27 жастағы келіншек Ақтау босанды.

"2,7 килограмм салмақта қыз бала дүниеге келді. Босандыру кезінде облыстық перинаталдық орталық, Алматыдағы акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы, сондай-ақ Нұр - Сұлтандағы ахуалдық орталық мамандарымен бірлесіп жұмыс істеді", - дейді облыстық орталық ауруханасының баспасөз қызметі. Жаңа туылған шаранадан бірден коронавирусқа қарсы талдау алынды. "Талдау нәтижелері әзірге белгісіз. Баланың жағдайы жақсы. Қазір ол провизорлық стационардың балалар палатасында жатыр. Баланы білікті медициналық қызметкерлер үздіксіз қадағалайды", - деп атап өтті орталықта.
 
Вирус жұқтырған келіншектің жағдайын дәрігерлер тұрақты деп сипаттайды. Ол инфекциялық стационарда емдеуді жалғастырады. Естеріңізге сала кетейік, елімізде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 1977-ге жетті.  

ktk.kz