Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып кеше ғана тағайындалған Камалжан Надыровтан COVID-19 инфекциясы анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов facebook-гі парақшасынада жазды.
Кеше Үкімет қаулысымен Надыров Камалжан Талғатұлы басқа жұмысқа орналасуына байланысты Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған болатын. Алматыдағы коронавирус инфекциясы таралуына қатысты жағдай шиеленісіп, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев жұмыстан босату жөнінде өтініш жазған еді, - деп жазды министр.Оның жазуынша, Алматыдағы жағдайды тұрақтандырып, медицина қызметкерлерінің жұмысын нығайту үшін басшылық қызметке К. Надыровты тағайындау қаралған.
Кеше кешке Надыровтан коронавирус инфекциясы анықталып, ол ауруханаға жатқызылды. Оның тезірек сауығып шығуын тілеймін. Осы жағдайға байланысты Алматы әкімі Тілеухан Әбілдаевтың жұмыстан босату жөніндегі өтінішін тоқтатты, - деп жазды ол.Сондай-ақ ол, Алматыдағы коронавирустың таралу жағдайы бақылауда екенін жазды. Қазіргі таңда қалада 678 адамнан қауіпті індет анықталған. Оның жартысына жуығы медицина қызметкерлері.