Бекшиннің айтуынша, Алматыда барлығы 77 мың тест жасалған (оның 55 мыңы ПТР әдісімен, 25 мыңы— экспресс-тесті ). Нәтижесінде 5 мамыр күні:

 

  • 1 356 адамның вирус жұқтырғаны анықталды.
  • жалпы қала тұрғындарына шаққандағы ауырғандардың саны 0,06%-ды құрайды.

Барлық ошақ оқшауланды, соның ішінде Қалалық орталық клиникалық аурухана да бар.

 

Жаппай тестілеу әлі де жалғасып жатыр. Жалпы алғанда медициналық қызметкерлердің арасында 19 мың тест алынды.

 

Бірінші кезекте кімді тестілеуден өткізеді?

Дәрігерлер халықтың түрлі топтарына тестілеу өткізе бастады. Соның ішінде бірінші кезекте:

  • өкпенің және жүректің созылмалы аурулары бар пациенттер,
  • әскери контингент,
  • ІІМ қызметкерлері (әсіресе патрульдік құрам),
  • тосқауыл бекеттеріне  жұмысқа тартылған тұлғалар.

Күнделікті  3 мың адамнан тест алуды міндеті қойылды.

Қазір 6 зертхана жұмыс істейді — олар тәулігіне 2 мыңнан астам тест өткізеді. Жақында тағы екі жоба іске қосылады.

10 медициналық бригада талдауларды іріктеумен айналысады.

— Бұл болашақта жаппай жұқтыру ошақтарын бақылауға, аса қауіпті симптомсыз жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді.

Тестіні қайда тапсыруға болады?

Алматыда төмендегі мекенжайлар бойынша коронавирусқа тест тапсыруға болады:

  • Ұлттық сараптама орталығы: Жібек Жолы көшесі, 3, телефон: +7 (727) 382 35 65+7 (727) 259-00-77.
  • “ОЛИМП”: Медеу ауданы – Халиуллин көшесі, 32; Сейфуллин көшесі, 549; Жандосов көшесі, 1В; Алмалы ауданы – Байзақов көшесі, 221/155; Гагарин көшесі, 236 б.+7 701 961 7307 (WhatsApp).
  • INVIVO зертханасы: Қарасай батыр көшесі, 123, call-center: 8 (727) 258 83 83+7 778 769 38 81.

Талдау құны-11,5 мың теңге. Пациенттің жағдайы ауыр болса талдау тегін жүргізіледі.