Министрдің айтуынша, егер Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тағы нашарласа, үкімет бизнес пен тұрғындарға қолдау көрсетеді.
"Қазір нақты төлемдер, әсіресе әлеуметтік төлемдердің көлемі жайлы айту әлі ерте", - деді Нұрымбетов.
Нұрымбетов еңбек министрлігі денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ұсынған үш сценарийдің ең
нашарына дайындалып жатқанын айтты.
Бүгінгі таңда жұмыссыз қалуы мүмкін қазақстандықтардың саны туралы есеп жасалған. "Біз сценарийдің
қандай болатынын білмейміз. Біз сәуір-мамыр айларында болған қатаң карантиндік шараларды есепке ала
отырып, еңбек нарығына баға бердік. Егер жағдай нашарлап, үкімет сәуір-мамыр айларындағыдай қатаң
шаралар қабылдаса, онда шамамен 4 миллион адам жұмыс орнын сақтап қалады. 28 пайыз, яғни 2,5
миллион адам қашықтан жұмыс істеуге ауысады, шамамен 2 миллион адам жұмыс уақытының
қысқаруынан зардап шегеді.
Олар ақылы не ақысыз демалысқа кетеді. Егер қатаң карантин болса, онда шамамен 160 мың адам жұмыстан шығарылып, жұмыссыз қалуы мүмкін", - деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой президенттің қатысуымен өткен коронавирустың екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте елімізде локдаунның қашан енгізілуі мүмкін екенін айтқан еді.
Министр елдегі коронавирус жағдайына қатысты үш сценарий ұсынған болатын. Бүгінде Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін сақтауды бақылау мен мониторинг бойынша шаралар күшейтілген.
Дереккөз : kaz.nur.kz