Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров  Атыраумен көршілес Ресейдің Астрахан облыстары шекараларының арасына қойылатын қоршауға қатысты өз пікірін білдірді.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Көптоғай елді мекеніндегі қалыптасқан жағдайды сараптап шықтым. Кейбір карталарда, құжаттарда сол кездегі кеңшардың территориясы ілгеріде болған. Шекараны айқындаған кезде, ішкері еніп кеткен.

Менің ойымша, бұл мәселе бойынша Қазақстан Үкіметі Ресей тарабымен келіссөзге отыруы қажет, - деп жазды ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Оның айтуынша, Өзбекстанмен болған келіссөздердің тәжірбиесіне сүйене отырып, бір экономикалық аймақта екенімізді ескере отырып, шекараны жергілікті халықтың ыңғайына оңтайландыру амалын қарастыру абзал.

Онан кейін, Ресеймен шекараның басқа да периметрлерін тағы да тексеріп шығу маңызды. Халықтың мал- жанын бағатын, ауыз суын алатын жағдайды ескеру басты мақсат болуы тиіс. Осы мәселе төңірегінде Мәжілістегі Nur Otan партиясы Фракциясының мүшесі ретінде, Үкіметке, шекара қызметіне хат дайындаймын, - деп жазды депутат.

baq.kz