Елордадағы сауда үйлерінің бірінде 9 жасар баланы электр тоғы соқты деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті мәліметінше, оқиға 19 мамыр күні болған. "Нұр-Сұлтан полициясына қала тұрғыны елордадағы сауда үйлердің бірінде баласының электр тоғынан жарақаттану фактісі бойынша арыз жазды. Бір күн бұрын әйелдің 9 жасар баласымен Сәтбаев көшесіндегі сауда үйіне барғаны, кенет ұлының жан дауысы шыққанын естігені анықталды.
Жүгіріп жеткен ол металл күзет жүйесінің кіреберісінен баланы тоқ соққанын көрген. Бала ауруханаға жеткізіліп, дәрігер қарағаннан кейін үйіне жіберілген", - деп атап өтті ведомствода. Полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 360-бабы 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.