Вакцинация төлқұжатын қолдан жасағаны үшін қазақстандықтарға қылмыстық жаза қолданылады. ІІМ құқық бұзушыларды қалай жазалайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап el24.kz.
Мұндай бұзушылық үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 385-бабында – "жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" қарастырылған.
Егер бұзушылық жыл ішінде қайталап анықталса, сондай-ақ адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы вакцинация төлқұжаттарын қолдан жасаса, айыппұл 4 000 АЕК-ке (11,6 миллион теңге) дейін өседі. Тәртіп бұзушыларды 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға болады.
Жалған вакцинация төлқұжатын қолданатындар үшін де жаза қарастырылған.