Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, Ashyq жобасына қатыспайтын нысандар мен ұйымдар жұмыс істей алмайды.
Еліміз бойынша коронавирус жұқтырғандардың 65%-ы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағандыда анықталып отырған көрінеді. Осыған байланысты аталған өңірлерде қосымша шектеу шаралары қолданылады.
Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау нысандары, БАҚ ұйымдары мен азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен өмірді қамтамасыз ететін ұйымдардан басқа Ashyq жобасына кірмеген барлық кәсіпорын мен ұйымның жұмыс істеуіне тыйым салынатын болады. Сондай-ақ ойын-сауық, спорт және өзге де бұқаралық шараларды, отбасылық жиын-той мен еске алу шараларын өткізуге жол жоқ, - деді министр Цой.
«Ashyq» арқылы тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп отырғаны белгілі. Мәселен «қызыл және «сары» мәртебесі бар 23 мыңнан астам азамат анықталған.
Ал ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша шектеулер 2 тамыздан бастап күшіне енетін болады.
Дереккөз : Baq.kz