Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметтік ит көмегімен кісі өліміне күдіктіні ұстады.
6- мамыр күні сағат 17:45 шамасында Целиноград аудандық полиция бөлімшесіне, "Талапкер" ауылында ер адамның мүрдесі табылғаны жөнінде ақпарат келіп түскен деп- хабарлайды el24.kz тілшісі.
Оқиға орнына жедел- тергеу тобымен бірге кинологта жіберілген.Үй маңынан табылған 26 - жастағы жігіттің кеудесінің сол жақ тұсынан пышақ сұғылған. Алған жарақатынан жас жігіт сол жерде қаза болған.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Альфа» атты қызметтік иттің көмегімен 19 жастағы жергілікті тұрғын - жәбірленушінің туысы күдікті ретінде ұсталды. Ол уақытша оқшаулағышқа қамалып, үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша іс қозғалды», - деді ведомстводан.