Маңғыстаудағы төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша , Мұнайлы ауданына қарасты "Батыр "ауылында бір үйдің екі баласы шұңқырдағы суға батып кетті.
Қайғылы жағдай бүгін орын алған. Жеке тұрғынүйдің ауласында дәретхана үшін қазылған тереңдігі 1- метрдей шұңқыр, нөсер жаңбырдан суға толып кеткен. Ата -әжесінің үйінен келе жатқан 10- және 14 жастағы екі бала байқамай шұңқырға құлап, шыға алмай қалған - деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан балаларды қараусыз қалдырмауды және құдық немесе қазылған шұңқыр беттерін ашық тастамауды сұрайды.