Интернет-жарнама және онлайн платформалар туралы заң жобасы әзірленіп жатыр.
Бұл туралы Алматыда сайт жетекшілері және блогерлермен кездескен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл заң жобасы шеңберінде қолданушылардың жауапкершілігі күшейеді. Шетелдік платформалардың қызметі қазақстандық заңнамаға сәйкес реттеледі.
Әлеуметтік желі иелері өз интерфэйсін қазақстандықтар үшін мемлекеттік тілде ұсынуға міндеттеледі», - деді министр.
Бұған қоса, министр қазіргі уақытта дәстүрлі БАҚ-тың бағыты концептуалды тұрғыда өзгеріп жатқанын, салаға қатысты заңнаманың жаңа жобасы жұртшылық назарына ұсынылғанын еске салып, оны белсенді талқылауға шақырды. Сондай-ақ, Дархан Қыдырәлі жалған ақпараттың таралмауына мұқият қарау, контент сапасына мән беру сияқты мәселелерге тоқталды.