Пиязды қабымен алып, қолдан тапшылық жасаудың қажеті жоқ. Осылай деген сауда министрі елді ешқандай тапшылық болмайды деп сендіруге тырысты.


Жыл басынан бері Қазақстан пияз экспортына тыйым салғаны белгілі. Алайда арзанға алып, үстіне екі-үш есе баға қосып саудалайтын пайдакүнемдердің әрекеті ел ішінде дүрбелең жасауда- дейді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ ол премьер-министрдің тапсырмасын әкімдердің есіне салды. Өйткені кейбір аймақ басшылары айналым схемасымен дұрыс жұмыс істей алмай отыр.

Кезінде пиязды 50-60 теңгеге сатып алып қойманы толтырып қойған аймақтарда қазір мұндай проблема жоқ. Ал делдалдар арқылы алғандар қиналып жүр. Министр соңғы уақытта пияз қымбат дегеннен бұрын, сапасының нашарлап кеткенін жиі естіп жүр екен.

Сондықтан дүкендерге барып көкөніс сапасын өз көзімен көріп тексеріпті.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі: - Бұрынғыдай үйге бір-екі келі алып, керек кезінде толтырып, солай істеуге болады ғой.

Бірақ оған қазір алыпсатарлар қосылды. Астанада қазір баға 130 теңге. Енді тағы бір әңгіме шығып жатыр. Сапасы туралы. Барып тексердік. Жақсы сапа. Арасында кесілгені болады, езілгені болады.

КТК телеарнасы