Ақтау қаласының тұрғыны мотоциклді ұрлау дерегі бойынша полицияға арызбен жүгінді. Ұрлық 14-інен 15 сәуірге қараған түні орын алған- деп хабарлайды el24.kz тілшісі Маңғыстау облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Белгісіз тұлға 12 шағын аудандағы үйлердің бірінің алдында тұрған қара түсті "CFMOTO nk 150" мотоциклін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынның көлемі - 300.000 теңге.

Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ұрлық жасады деген күдікке ілінген азаматтан айғақ нәрсе ретінде қолды болған мотоцикл тәркіленді.

Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.