КС7375 Астана-Ақтау рейсін орындаған Flyarystan әуекомпаниясының ұшағы шұғыл түрде Атырау қаласына қонды.
«8 мамыр күні сағат 23:30-да КС7375 Астана-Ақтау рейсін орындаған ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау қаласына қонуға мәжбүр болды.
Рейс Атырау қаласының жергілікті уақыты бойынша 9 мамыр сағат 06:40-та қайта ұшады. Ұшу уақыты туралы өзекті ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі.
Сондай-ақ, жолаушылар Flyarystan қосымшасында және Flyarystan.com сайтында рейстің статусын өз бетінше тексере алады», - делінген компанияның Telegram арнасында жарияланған хабарламада.
Мәлім болғандай, рейс 2 сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушыларға сусындар, 5 минуттан аспайтын 2 телефон қоңырауын немесе 2 электрондық пошта хабарламасын жолдау мүмкіндігі ұсынылады.
Ал, 4 сағаттан артық кешіктірілгенде-ыстық тамақ ұсынылады. 5 сағаттан аса кешіктірілгенде-бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.