Мәдениет және спорт министрі «Бірінші басшыларын ҚР Үкіметі лауазымға тағайындайтын және босататын мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұйрыққа сәйкес, енді мына оқу орындарының басшыларын Үкімет тағайындайды:
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының басшысын;
- Қазақ ұлттық өнер университетінің басшысын;
- Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының басшысын;
- Қазақ ұлттық хореография академиясының басшысын.
Айта кетейік, бұған дейін аталған оқу орындарының ректорлары Президент өкімімен тағайындалатын. Бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 5 тамызда күшіне енеді.